Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 02 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29660 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 38, 39, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 50, 51, 60, 67, 103, 106, 108, 109, 114, 120 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Е. Сейтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы

  Алматы қаласы Алмалы
ауданының әкімі
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 02 шешіміне
қосымша

№ 38 сайлау учаскесi

      Шекаралары: Варламов көшесінен Абай даңғылымен батысқа қарай солтүстік жағы Сайран өзенінің шығыс жағалауына дейін; Сайран өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай шығыс жағы Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Волховская көшесіне дейін; Волховская көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесімен батысқа қарай солтүстік жағы Варламов көшесіне дейін; Варламов көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Абай даңғылына дейін.

№ 39 сайлау учаскесi

      Шекаралары: Түркебаев көшесінен Абай даңғылымен батысқа қарай солтүстік жағы Варламов көшесіне дейін; Варламов көшесімен солтүстікке қарай шығыс жағы Құлымбетов көшесіне дейін; Ұзақбай Құлымбетов көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Прокофьев көшесіндегі № 148 үйді қоса Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Абай даңғылына дейін.

№ 41 сайлау учаскесі

            Шекаралары: Тұрғыт Озал көшесінен Ұзақбай Құлымбетов көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Түркебаев көшесіне дейін, Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен оңтүстік бағытта Түркебаев тұйық көшесіне дейін, Түркебаев тұйық көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін.

№ 42 сайлау учаскесi

      Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Төле би көшесімен батысқа қарай солтүстік жағы Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауына дейін; Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай шығыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Қараөткел көшесіндегі № 163 үйдің шығыс шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 163 үйдің шығыс шекарасымен оңтүстікке қарай батыс жағы Қараөткел көшесіндегі № 201 үй аумағының шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 201 үй аумағының шекарасынан Қараөткел көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Төле би көшесіндегі № 273А үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Төле би көшесіндегі № 273А үй аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығысқа қарай оңтүстік жағы Лихачев көшесіне дейін; одан әрі Тастақ-2 ықшамауданындағы № 22, № 30, № 29, № 27, № 26 үйлер аумағының шығыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай шығыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығысқа қарай оңтүстік жағы Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Төле би көшесіне дейін.

№ 43 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Прокофьев көшесінен Ұзақбай Құлымбетов көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Варламов көшесіне дейін; Варламов көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Волховская көшесіне дейін; Волховская көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін.

№ 44 сайлау учаскесi

      Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Дүйсенов көшесімен батысқа қарай солтүстік жағы Даргомыжский көшесіне дейін; Даргомыжский көшесінің тұсындағы Тастақ-2 ықшам ауданындағы № 26, № 27, № 29, № 30, № 22 үйлер аумағының шығыс шекарасымен оңтүстікке қарай батыс жағы Лихачев көшесіне дейін; Лихачев көшесінен оңтүстікке қарай Грановский көшесіндегі № 96 үй аумағының оңтүстік шекарасымен батысқа қарай солтүстік жағы Қараөткел көшесіндегі № 168 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі № 168 үй аумағының оңтүстік шекарасынан солтүстікке қарай шығыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесі бойымен батысқа қарай солтүстік жағы Үлкен Алматы өзенінің арнасына дейін; Үлкен Алматы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай шығыс жағы Грановский көшесіне дейін; Грановский көшесімен оңтүстікке қарай батыс жағы Грановский көшесіндегі № 47 үй аумағының шекарасына дейін; Грановский көшесіндегі № 47 үй аумағынан солтүстік шекара бойымен Тастақ-2 ықшам ауданының № 8Б, № 9А, № 14, № 13 үйлер аумағының бойымен және Тілендиев көшесіндегі № 35 үйдің шығысында оңтүстік жағы Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай батыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін.

№ 45 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Түркебаев көшесінен Артем көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта, Кавказская көшесіндегі № 41 үйді және Брусиловский көшесіндегі № 11 үйді қоспағанда, Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесінің тақ санды жағы бойынша оңтүстік бағытта Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Түркебаев көшесіндегі № 61 және № 63 үйлерді қоспағанда, Артем көшесіне дейін.

№ 46 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Тұрғыт Озал көшесінен Артем көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағы бойынша шығыс бағытта Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Артем көшесіне дейін, Түркебаев көшесіндегі № 59/87, № 61 және № 63 үйлерді қоса алғанда.

№ 50 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Ислам Каримов көшесінен Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен Аренский көшесіне дейін; Аренский көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта Розыбакиев көшесіндегі № 23 үйдің шекарасына дейін, одан әрі оңтүстікке қарай № 33/1 сауда павильонының батыс жағымен, содан кейін шығысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Райымбек даңғылына дейін.

№ 51 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Аренский көшесінен Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен шығыс бағытта Курильская көшесіне дейін; Курильская көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта, содан кейін шығысқа қарай Курильская көшесінің солтүстік жағымен Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта Курильская көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің шығыс жағымен көтерме сауда базарының сауда павильонының № 33/1 үйінің оңтүстік шекарасын бойлай батысқа бұрыламыз; одан әрі солтүстікке қарай сауда павильонының № 33/1 үйінің шығыс жағымен оңтүстік бағытта № 23 үйге дейін; содан кейін батысқа қарай Аренский көшесіне дейін; Аренский көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.

№ 60 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Төле би көшесінен Розыбакиев көшесінің жұп санды жағымен оңтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін; Ұзақбай Құлымбетов көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Түркебаев тұйық көшесіне дейін, Түркебаев тұйық көшесінің жұп санды жағымен батыс бағытта Түркебаев көшесіне дейін, Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Розыбакиев көшесіне дейін.

№ 67 сайлау учаскесі

            Шекаралары: Сыпатаев көшесінен Төле би көшесінің оңтүстік жағымен Нұрлы жол көшесіне дейін; Нұрлы жол көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің оңтүстік жағымен батыс бағытта Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің батыс жағымен оңтүстік бағытта Жамбыл көшесіне дейін; Жамбыл көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта Жароков көшесіне дейін; Жароков көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта Сыпатаев көшесіне дейін; Сыпатаев көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Төле би көшесіне дейін.

№ 103 сайлау учаскесі

            Шекаралары: Мұратбаев көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Есентай өзенінің шығыс жағалауына дейін; Есентай өзенінің шығыс жағалауымен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен солтүстік-шығыс бағытта Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Гоголь көшесіне дейін.

№ 106 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Наурызбай батыр көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта, Масанчи көшесіндегі № 3, № 5 үйлерді, Кашгарская көшесіндегі № 4, № 6, № 8 үйлерді және Мақатаев көшесіндегі № 156 үйді қоспағанда Жібек Жолы даңғылына дейін; Жібек Жолы даңғылының жұп санды жағымен шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Гоголь көшесіне дейін; "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын қоспағанда.

№ 108 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Чайковский көшесінен Жібек Жолы даңғылының тақ санды жағымен батыс бағытта Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Масанчи көшесіндегі № 3, № 5 үйлерін, Кашгарская көшесінің № 4, № 6, № 8 үйлерін және Мақатаев көшесіндегі № 156 үйді қоса алғанда Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесі жұп санды жағымен шығыс бағытта Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Жібек Жолы даңғылына дейін.

№ 109 сайлау учаскесі

            Шекаралары: Кашгарская көшесінен Мақатаев көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен шығыс бағытта "Қазметмаш" зауыты аумағының батыс жағына дейін; "Қазметмаш" зауыты аумағының батыс жағымен оңтүстік бағытта Мақатаев көшесіне дейін.

№ 114 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Гоголь көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Жібек Жолы даңғылына дейін; Жібек Жолы даңғылының жұп санды жағымен шығыс бағытта Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің жұп санды жағымен солтүстік бағытта Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Әлімжанов көшесіне дейін; Әлімжанов көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Әлімжанов көшесіндегі № 61 үйді және Мақатаев көшесіндегі № 82 үйді қоса алғанда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының тақ санды жағы бойынша оңтүстік бағытта Гоголь көшесіне дейін.

№ 120 сайлау учаскесі

      Шекаралары: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Әлімжанов көшесінің тақ санды жағымен батыс бағытта Әлімжанов көшесіндегі № 61 және Мақатаев көшесіндегі № 82 үйді қоспағанда Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен солтүстік бағытта Мәметова көшесіне дейін; Мәметова көшесінің жұп санды жағымен шығыс бағытта Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының тақ санды жағымен оңтүстік бағытта Әлімжанов көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады