Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 204 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 185-VIІ шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қазанда № 30071 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27 және 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облысы Атырау қаласының Ақсай ауылдық округі таратылсын.

      2. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына беріліп, Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінің Ақсай және Ақжар ауылдарының бағыныстылығы өзгертілсін.

      3. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің шекаралары жалпы ауданы 77422 гектар болып белгіленіп, Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің шекаралары оның шекараларына таратылған Ақсай ауылдық округінің жалпы ауданы 6564 гектар жерлерін енгiзу жолымен өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады