Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 наурызда № 27096 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 244 "Исатай ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай ауданының әкімі П. Хасанов

  Исатай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 3 наурыздағы
№ 26 қаулысына қосымша

Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, "Аққыстау вокзалы" Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Атырау магистральдық желісіне қарасты ғимаратына қарама-қарсы

800

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

2

Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі,
"Атырау облысы Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

360

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

3

Тұщықұдық ауылы, А.Смағұлов көшесі, "Универмаг" дүкеніне қарама-қарсы

100

"Универмаг"
дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

4

Х.Ерғалиев ауылы, И.Шөкетаев көшесі, "Темеш" кафесіне қарама-қарсы

120

"Темеш" кафесі

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

5

Жанбай ауылы, З.Құрасұлы көшесі, Жолаушылар аялдамасына қарама-қарсы

140

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

6

Нарын ауылы, Болатжол көшесі, № 6, 7 үйлерге қарама-қарсы

164

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

7

Исатай ауылы, Теміржол көшесі, № 5, 6, 7 үйлерге қарама-қарсы

120

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

8

Зинеден ауылы, Қуанышбаев көшесі, "Шағала" дүкеніне қарама-қарсы

72

"Шағала" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады