2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 21 ақпандағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26949 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 26 қаулысына қосымша

2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы

2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу

1

6В02 өнер және гуманитарлық ғылымдар бакалавры

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

В033-Дінтану және теология

5

590 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады