Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 240 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31070 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 маусымдағы № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 02.06.2023 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5934 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының Регламентінде:

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады