Кентау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 232 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2022 жылғы 2 қарашадағы № 570 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қарашада № 30389 болып тiркелдi

      Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2019 жылғы 8 мамырдағы № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5041 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы және 1-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық сайлау

      комиссиясы

  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 570 қаулысына қосымша
  Кентау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 232 қаулысына 2-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Кентау қаласының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, "Транзит Сервис" автовокзалға қарама-қарсы

2

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі № 94 үйге қарама-қарсы

3

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 114 үйдің сол жағында

4

Кентау қаласы, Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

5

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 96, "Анар" дүкеніне қарама-қарсы

6

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 100 үйдің сол жағында

7

Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Ауезов № 22 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

8

Кентау қаласы, Абылай хан көшесі № 38 үйдің сол жағы

9

Кентау қаласы, Абай көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық Б. Саттарханов атындағы № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" ғимаратына қарама-қарсы

10

Ащысай ауылы, А.Құлымбетов көшесі № 5 үйге қарама-қарсы

11

Ащысай ауылы, Торлан көшесі № 5 үйдің оң жағы

12

Байылдыр ауылы, Чехов көшесі № 20 үйдің оң жағы

13

Байылдыр ауылы, Володарский көшесі № 1 үйіне қарама-қарсы

14

Қарнақ ауылы, Ш. Қанайұлы көшесі, "Қазақстан" мейрамханасына қарама-қарсы

15

Қарнақ ауылы, Түркістан көшесі, орталық алаңына қарама-қарсы

16

Қарнақ ауылы, Әз Жәнібек көшесі № 13 үйге қарама-қарсы

17

Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі, Кентау қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолауышлар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның № 5 ЖЭО ғимаратына қарама-қарсы

18

Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі, саябаққа қарама-қарсы

19

Хантағы ауылы, Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Хантағы ауыл клубының ғимаратына қарама-қарсы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады