Сарыағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 360 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31109 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 342 "Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5959 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Н. Талипов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 360 қаулысына қосымша

Сарыағаш ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Дарбаза елді мекені, Бейбітшілік көшесі, "Береке" жанар-жағармай құю бекетінің оң жағында

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

200

"Бекжан" кафесі

2

Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, № 150 көппәтерлі тұрғын үйдің сол жағында

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

300

"Жеті Қазына" дүкені

3

Жібек жолы елді мекені, А.Ахбердиев көшесі, "Береке" базарына қарама-қарсы

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

500

"Береке" базары, "Береке" асханасы

4

Әлімтау елді мекені, Ә. Молдағұлова көшесі, "Жайнақ ата" мешітіне қарама-қарсы

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

200

"Айгүл" дүкені

5

Төңкеріс елді мекені, Тұрмахан ата көшесі, "Азия" дүкенінің оң жағында

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

100

"Азия" дүкені, "Нұршуақ" кафесі

6

Көктерек кенті, Алтынсарин көшесі, жеке кәсіпкер А.Килыбаевтың дүкеніне қарама-қарсы

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

20

жеке кәсіпкер А.Килыбаевтың дүкені

7

Жылға елді мекені, А.Асаубаев көшесі, жеке кәсіпкер А.Кудайбергеновтің дүкенінің оң жағында

5

азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

300

жеке кәсіпкер А.Кудайбергеновтің дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады