Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 17 мамырдағы № 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28169 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңын 31 бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шардара ауданының әкімі К. Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 118 қаулысына қосымша

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері

Алып жатқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Шардара қаласы, Еркөбек көшесі № 2 А Қымызханаға қарама-қарсы

20

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Береке" сауда үйі

2.

Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі № 58 "Шардара" ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі ғимаратына қарама-қарсы

30

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

3.

Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі № 41 "Texas" fast food ғимаратына қарама-қарсы

30

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"shardeluxe" super market

4.

Шардара қаласы, Ө.Түгелбаев даңғылы № 43 "Rysqul ata" qurylys zattar dúkeni ғимаратының сол жағында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Alihan" saýda ortalyǵy


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады