Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29570 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сауран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сауран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Г. Рысбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сауран аудандық

      аумақтық сайлау комиссиясы

  Сауран ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 262 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, С.Тоймахан және Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы "Сквер" алаңының сол жағында.

2

Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылы, А.Үсенов көшесі, "Қарашық" өзенінің оң жағында және Ә.Молдағұлова көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында.

3

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылы, Түркістан - Қарнақ тас жолы, "Қарашық" тойханасының сол жағында.

4

Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылы, И.Усманов көшесі №1 үйдің оң жағында.

5

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Абай ауылы, Абай көшесі №65, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы.

6

Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы ауылы, Д.Қонаев көшесі №39А, Сауран ауданы әкімдігінің "Майдантал ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы және Қаражон ауылы, Төрткөл көшесі №17, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаражон шағын жинақталған жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы.

7

Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Сауран ауылы, О.Әлтаев көшесі №13, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сауран жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында.

8

Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші-Диқан ауылы, Кентау - Түркістан тас жолы, "Севинш" тойханасының сол жағында.

9

Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылы, Кентау - Түркістан тас жолы, "Шығыс" моншасына қарама-қарсы.

10

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, С.Қожанов көшесі №26 үйдің сол жағында.

11

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Д.Қонаев көшесі №1 үйдің сол жағында.

12

Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата ауылы, Ибадулла ата көшесі №6 үйдің оң жағында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады