Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 21/206-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31128 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2562 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгерілмейді;

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Өскемен-1-Риддер", "Өскемен-1-Алтай" маршруттары бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесі бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады