Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28584 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаөзен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының келесі көшелері:

      Заречная көшесі Зейнел Жылқайдаров көшесі;

      Буровая көшесі Қали Біләлұлы көшесі;

      Дорожная көшесі Береке көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжал ауылдық округінің әкімі М. Жумаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады