Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 212 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 19-1 бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27786 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес, Зайсан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының келесі көшелеріне:

      1 шартты көшесіне – Марат Қабанбаев көшесі;

      3 шартты көшесіне – Әнуар Кенжебаев көшесі;

      4 шартты көшесіне – Керейхан Аманжолов көшесі;

      5 шартты көшесіне – Қазбек Теміров көшесі;

      6 шартты көшесіне – Кәрім Құндақбаев көшесі;

      8 шартты көшесіне – Сәбира Мұхамеджанова көшесі;

      9 шартты көшесіне – Байғанбек Құдабаев көшесі;

      10 шартты көшесіне – Виктор Гутовский көшесі;

      11 шартты көшесіне – Тоқтарбек Қызықбаев көшесі;

      13 шартты көшесіне – Қожан баба көшесі;

      14 шартты көшесіне – Сейфолла Жайлаубаев көшесі;

      15 шартты көшесіне – Қаптағай батыр көшесі;

      18 шартты көшесіне – Асқар Егеубаев көшесі;

      19 шартты көшесіне – Асылбек Сабеков көшесі;

      20 шартты көшесіне – Көпей Бұлғынбаев көшесі;

      21 шартты көшесіне – Маратбек Искаков көшесі деп атау берілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының кейбір көшелері:

      Ә. Жангельдин көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесі;

      Желтоқсан көшесін Абылай хан көшесі;

      В. Кондюрин көшесін Бауыржан Момышұлы көшесі;

      Бауыржан Момышұлы көшесін Әділбек Тауасаров көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Зайсан ауданы әкімдігігінің қаулысы және Зайсан аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы С. Маркабаев
      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады