Жәнібек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 162 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31057 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жәнібек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жәнібек ауданының әкімі А. Сафималиев

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 162 қаулысына қосымша

Жәнібек ауданында стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орындары

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандары)

1

Ақоба ауылдық округі, Ақоба ауылы, Абай көшесі, №15 үйдің оң жағы

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

2

Борсы ауылдық округі, Борсы ауылы, Ш.Мұхамбетқалиев көшесі, №8 үйдің оң жағында

25

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

3

Жақсыбай ауылдық округі, Жақсыбай ауылы, Ж.Каракулов көшесі, №19 үйге қарама-қарсы

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

4

Жәнібек ауылдық округі, Жәнібек ауылы, Т.Абдрахманов көшесі, №37А үйдің оң жағында

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

"Әлем" базары

5

Қамысты ауылдық округі, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, "Нұртілек" дүкенінің сол жағында

25

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

6

Күйгенкөл ауылдық округі, Жасқайрат ауылы, Т.Жароков көшесі, №27 үйдің сол жағында

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

7

Тау ауылдық округі, Тау ауылы, орталық саябақтың сол жағында

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

8

Талов ауылдық округі, Талов ауылы, Школьная көшесі, №23 үйдің сол жағында

30

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ

9

Ұзынкөл ауылдық округі, Ұзынкөл ауылы, Мектеп көшесі, №12 үйге қарама-қарсы

25

5

ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады