Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 20-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27471 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 8-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 06.09.2023 № 8-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Ж. Бисенгалиева

  Тасқала аудандық мәслихаты
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 20-2 шешіміне қосымша
  Тасқала аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№56-10 шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Тасқала ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;     

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай- азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Тасқала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір реттік 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі – КСР) Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір реттік 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдарға бір реттік9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне бір реттік 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір реттік 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;

      8) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір реттік 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;

      9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға бір реттік 9 мамыр Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      10) жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай - ақ ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) ;

      Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде - 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күніне бір реттік 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр- Жеңіс күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;     

      11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне бір реттік 9 мамыр Жеңіс күніне орай - 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдарға 9 мамыр-Жеңіс күніне орай бір реттік 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір реттік 9 мамыр Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір реттік 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      17) бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда):

      Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдардан басқа, басқа мемлекеттердің аумағында бір реттік - 9 мамыр - Жеңіс күніне орай - 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстан аумағында - 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күніне бір реттік 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамырда Жеңіс күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде.

      18) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге бір реттік - 9 мамыр - Жеңіс күніне 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      19) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай - 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      21) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      22) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір реттік 9 мамыр Жеңіс күніне орай - 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай -60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      23) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай - 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      24) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 4–6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына бір реттік 9 мамыр Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      27) ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына:

      Ауғанстанда - 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күніне орай бір реттік 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр- Жеңіс күніне 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      28) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      29) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір реттік 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      30) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары бір реттік 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      31) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 9 мамыр- Жеңіс күніне орай бір реттік 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға бір реттік 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      33) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бір реттік 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қиын өмірлік жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) туберкулез ауруымен амбулаторлық есепте тұрған тұлғаларға, ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады;

      3) 1, 2, 3 және 4 сатылардағы қатерлі ісіктері бар, медициналық мекеменің анықтамасы бойынша амбулаториялық бақылауда жатқан адамдарға; "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның анықтамасы бойынша ауруы адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) туындаған адамдарға; дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы бар тұлғаларға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде табысын есепке алмағанда, бір мезгілде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға табыстарын есепке алмай, бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) кірістер есебінсіз, гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      6) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес облыс шегінен тыс жерлерге санаторий-курорттық емделуге жіберілген мүгедектер мен мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттерді) ұсыну негізінде шығу пунктінен межелі жерге дейін және кері қарай плацкарт вагоны орнының құны мөлшерінде, жол жүру құжаттарын (билеттерін) ұсыну негізінде облыс ішінде шығу пунктінен межелі жерге дейін және кері қарай билет құны мөлшерінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) ұсыну;

      7) жан басына шаққандағы орташа табысы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен адамдарға (отбасыларға) бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде табыстарын есепке алмай, шекті мөлшерде бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздері Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Тасқала ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

      12. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес"автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады