Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 69 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31785 болып тіркелді

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев
      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
__________Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 69 мен
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 41 Бірлескен бұйрықпен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – мәліметтер) Мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ақпарат алу тәртібі мен негіздерін айқындайды.

2-тарау. ҚАО ААЖ-дан мәліметтер алу тәртібі

      2. ҚАО ААЖ-дан мәліметтер алуды құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) тіркелген МКО-ның пайдаланушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) құралдарын пайдалана отырып, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы, осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесімен, осы Қағидалардың 2-қосымшасы Сервистерге қол жеткізу құқықтарымен сәйкестендіріп жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік қағидалардың 4-қосымшасында жазылған (бұдан әрі – ҚР БП № 21 Қағидалары) жұмыс істеу үшін жағдайлар сақтаған кезде беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) пайдаланушыларын тіркеуді, бұғаттауды, редакциялауды ҚР БП № 21 Қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта берілген ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) негізінде жүзеге асырады.

      5. ҚАО ААЖ-ға кіру МКО пайдаланушысының ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылатын аутентификация рәсімінен өтуінен басталады.

      6. ЭЦҚ-ның құралдарын басқа адамдарға беруге жол берілмейді.

      7. Бастапқы кіру кезінде пайдаланушы ЭЦҚ құралдарымен ҚР БП № 21 Қағидаларымен бекітілген 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ға пайдалану шарттарына қол қояды.

      8. Аутентификациядан сәтті өткен пайдаланушы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті, сондай-ақ ҚАО ААЖ-да іске асырылған сервистер бойынша сұрау салуды жіберу мүмкіндігін алады.

      9. Пайдаланушылар мәліметтер сұратудың негізділігін, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының, заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, сондай-ақ оларды сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануды қамтамасыз етеді.

      10. Оператор Өтінімдер келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде Өтінімге сәйкес пайдаланушы рөлін, ҚАО ААЖ-да пайдаланушының тіркелуінің болуын айқындайды не ҚАО ААЖ порталы арқылы ҚСжАЕК-де тіркелген ЭЦҚ құралдарымен қол қойылған тіркеуден дәлелді бас тартуды ҚАО ААЖ порталы арқылы жібереді.

      Пайдаланушыны бұғаттауға өтінім түскен кезде оператор дереу осы пайдаланушының кіруін бұғаттайды.

      11. Оператор, егер ҚАО ААЖ-ға қол жеткізуге арналған Өтінімде көрсетілген мәліметтер шынайы емес, толық емес немесе өзекті болып табылмаған жағдайларда, пайдаланушы ҚАО ААЖ-ға қол жеткізуді тіркемейді және бермейді.

      12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оператор пайдаланушылар туралы жеке ақпаратты таратуына жол берілмейді.

      13. Басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауыстыру себебі бойынша пайдаланушының құқықтары өзгерген жағдайда, пайдаланушы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір тәулік ішінде ҚАО ААЖ-ның порталы арқылы электрондық Өтінімді жібереді.

      14. Егер пайдаланушы 60 күннен артық ҚАО ААЖ-да сұрау салулар жүргізбеген жағдайда, есепке алу жазбасы автоматты түрде бұғатталуға жатады.

      15. Сұрау салудың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар) пайдаланушыны жұмыстан босатқан немесе лауазымынан шеттеткен жағдайда дереу бұғаттауға арналған Өтінімді ҚАО ААЖ-ның порталы арқылы жібереді.

      16. Лауазымды адамдар МКО басшысының бұйрығымен айқындалады.

      17. Лауазымды адамдар ҚАО ААЖ-да сұрау салудың негізділігіне ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді.

      18. Ведомстволық бақылау пайдаланушыларының барлық сұрау салуын көрсететін "Есептер" функционалы арқылы сұрау салуларды мерзімді, бірақ кемінде айына бір рет мониторингілеуден тұрады.

      19. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар), ҚР БП № 21 Қағидаларының және осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда, лауазымды тұлғалар қол жеткізуді бұғаттау және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік туралы мәселені қарау жөнінде шаралар қабылдайды.

3-тарау. ҚАО ААЖ-дан мәліметтер алу негіздері

      20. ҚАО ААЖ-дан мәліметтер алудың негізі ҚСжАЕК-нің Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – ТСОБТ) тіркелген салықтық және кедендік көшпелі тексеру нөмірін көрсете отырып жазылған сұрау салу болып табылады.

      21. Электрондық құжат нысанында ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алуға сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең болады.

      22. Сұрау салудың негізділігін оператор пайдаланушы көрсеткен салықтық және кедендік көшпелі тексеру нөмірін ТСОБТ-тың мәліметтерін автоматты түрде салыстырып тексеру жолымен тексеруге тиіс.

      23. ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтер тиісті материалдарға қоса тіркеледі, бұл ретте жергілікті құрылғыға жүктелген ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтерінің электрондық көшірмелерін дереу жоюға тиіс.

      24. Мәліметтерді сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына қарай айқындалады. Мәліметтер тиісті материалдармен бірге жойылуға тиіс.

      25. Электрондық сұрау салу мен оларды өңдеу нәтижелері тұрақты түрде ҚАО ААЖ-да сақталады.

      26. ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін пайдаланушы олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      27. Пайдаланушы ҚАО ААЖ-мен жұмыс істеген кезде бірыңғай талаптар, сондай-ақ ҚР БП № 21 Қағидаларының және осы Қағидалардың талаптары сақталады.

      28. Дербес деректерге жатқызылған ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтерді заңсыз жинау және өңдеу, сондай-ақ жария еткені үшін пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      29. Пайдаланушыларға авариялық жағдайлар кезінде іркілу уақытынан немесе ҚР БП № 21 Қағидаларымен бекітілген 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ның операторы тіркейтін Авариялық жағдайлар журналында ҚАО ААЖ-ның порталында жарияланған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуден басқа, қолжетімділік тәулік бойы ұсынылады.

      30. ҚАО ААЖ-ны пайдалану процесінде барлық параметрлерді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

      31. МКО пайдаланушылардың барлық сұрау салулары оқиғаны тіркеу журналында (бұдан әрі – Log-журнал) тіркеледі және толтырылуына қарай архивтеледі.

      ҚАО ААЖ Log-журналдарының архивы ҚАО ААЖ-ның барлық жұмыс уақытындағы сұрау салулары мен оларды өңдеу нәтижелері туралы деректерді қамтиды.

      32. Пайдаланушылар ҚАО ААЖ-ның Бірыңғай талаптарын әкімшілендіру шеңберінде, сондай-ақ ҚР БП № 21 Қағидаларының және осы Қағидалардың талаптарында бұзушылықтар анықтаған жағдайда, оператор оларға қол жеткізуді дереу бұғаттап, кейін прокурор мен МКО басшылығын анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      33. Прокурор "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – "Прокуратура туралы" Конституциялық заңы) 17-бабында белгіленген шектер мен нысандарда пайдаланушылардың ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алуының заңдылығының қадағалауын жүзеге асырады.

      Пайдаланушылардың ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алуының заңдылығын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізу үшін прокурор тиісті қаулы шығарады.

      34. Прокурор ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтердің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында оператордан пайдаланушылар жіберген сұрау салулар туралы ақпаратты және ҚАО ААЖ-дан алынған мәліметтерді сұратуға құқылы.

      Оператор сұрау салу үшін негіз болған тексеру жүргізу туралы қаулыны не өзге де құжатты қоса бере отырып, сұрау салу негізінде прокурорға ақпарат береді.

      35. Тексеру жүргізу барысында пайдаланушылардың мәліметтерді заңсыз алу фактілерінің анықталған кезде, сондай-ақ пайдаланушылар Бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ҚР БП № 21 Қағидаларының және осы Қағидалардың талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы операторынан ақпарат түскен кезде прокурор "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 32-бабының 2-тармағына сәйкес прокурорлық қадағалау шараларын және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.

  Мемлекеттік кірістер
органдарының құқық қорғау,
арнаулы мемлекеттік және
өзге де органдардың ақпарат
алмасу жүйесінен салықтық
және кедендік көшпелі
тексерулер нысанында
салықтық және кедендік
бақылауды жүзеге асыру
үшін қажетті ақпаратты
алу қағидалары
мен негіздеріне
1-қосымша

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесі

Тізбе

Негіздеме

1.

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыскері (басқармалар мен бөлімдер басшылары)

Салықтық және кедендік көшпелі тексеру

  Мемлекеттік кірістер
органдарының құқық қорғау,
арнаулы мемлекеттік және
өзге де органдардың ақпарат
алмасу жүйесінен салықтық
және кедендік көшпелі
тексерулер нысанында
салықтық және кедендік
бақылауды жүзеге асыру
үшін қажетті ақпаратты
алу қағидалары
мен негіздеріне
2-қосымша

Сервистерге қол жеткізу құқықтары

Тізбе

Қолжетімдік құқығы

1.

"Жеке тұлғалар" МБД

+

2.

"Заңды тұлғалар" МБД

+

3.

"Жылжымайтын мүліктің регистрі" ДБ

+

4.

"Жер учаскесі" ДБ

+

5.

"Көлік құралдары" ДБ

+

6.

"Тіркелген қару" ДБ

+

7.

"Теміржол көлігі" ДБ

+

8.

"Өзен және шағын өлшемді кемелер" ДБ

+

9.

"Теңіз кемелері" ДБ

+

10.

"Ауыл шаруашылығы техникасы" ДБ

+

11.

"Зейнетақы аударымдары" ДБ*

қысқартылған

12.

"Мүгедектік" ДБ

+

13.

"Арнайы есепке алулар" ДБ

+

14.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі" ДБ**

қысқартылған

15.

"Сот органдары" ДБ

+

16.

"Сот карточкалары" ДБ

+

17.

Мемлекеттік қызметшіге сұрау салу

+

      Ескерту: МДБ – мемлекеттік деректер базасы, ДБ-деректер базасы.

      * Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қысқартылған сервисі – түсімдер мөлшерін көрсетусіз

      ** Қысқартылған сервис – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауына сәйкес қылмыстық істердің адамдары, заттары, фактілері, оқиғалары мен мән-жайлары туралы ақпараттарды көрсетпей, экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мәліметтерді алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады