"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 2 ақпандағы № 2-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 152 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31898 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:";

      көрсетілген бірлескен нормативтік қаулымен және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" (бұдан әрі – Заң), "Білім туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) біліктілікті арттыру – мемлекеттік аудитордың бұрын алған кәсіби білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

      2) білім беру бағдарламасы – әрбір оқу пәні (курс) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын білім беру бағдарламасы;

      3) білімді қорытынды бақылау – тыңдаушылардың тиісті оқыту курсы бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін бағалау, оның нәтижелері бойынша оқытудан өткені туралы куәландыратын құжат беру жөнінде шешім қабылданады;

      4) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      5) қосымша білім беру – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, қызметкерлердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      6) оқу жоспары – қандай да бір бағдарламаның шеңберінде оқу пәндерінің құрамы, олардың әрбір оқу пәніне берілетін академиялық сағаттар саны бойынша бөлінуі белгіленген құжат;

      7) оқыту ұйымы – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ұйымдар:

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;

      8) өз бетінше білім алу – қызметкерлердің кәсіби қызметінің барлық кезеңінде өз бетінше жаңа теориялық білім алуға және бар білімдерін жетілдіруге бағытталған білім беру процесі;

      9) өтінім беруші – қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға өтінім беретін сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары;

      10) тыңдаушы – қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтетін адам;

      11) уәкілетті органдар – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын әрі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыратын органдар:

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген оқыту үшін қаражатты өтеу бойынша талап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 3), 5), 6) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан мемлекеттік қызметтен босатылған тыңдаушыларға қолданылмайды.".

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Персоналды басқару секторы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев
      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
Төрағасы
__________Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады