"Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31916 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 22029 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуды және/немесе реконструкциялауды қаржыландыруды қоспағанда орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолданылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілетін үш жылдық жоспарын қалыптастыру үшін орта білім беру объектілерін салуға, реконструкциялауға арналған қаржыландыру есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      V = (Конт*b*(k1+k2),

      мұндағы:

      V – орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі*;

      Конт – білім беру саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесінің деректері бойынша тиісті оқу жылына орта білім беру ұйымдарына баратын білім алушыларының нақты контингенті;

      b – базалық норматив тоғыз айлық есептік көрсеткішті құрайтын Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда 2022 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алты айлық есептік көрсеткішті құрайтын базалық норматив;

      k1 – өңірлер басымдығының тобы үшін түзету коэффициенті, мұнда:

      бір ғана көрсеткіш бойынша республика бойынша орташа мәннен жоғары көрсеткіштердің мәндері бар өңірлер (бірінші топ) жататын басым емес топ үшін – 1;

      республика бойынша кемінде үш көрсеткіш бойынша көрсеткіштерінің мәні орташадан жоғары өңірлер жататын орташа басым топ үшін (екінші топ) – 1,5;

      көрсеткіштері республика бойынша кемінде төрт көрсеткіш бойынша орташадан жоғары өңірлер (үшінші топ) жататын неғұрлым басым топ үшін – 2-ден 3,22-ге дейін.

      Орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру бюджет қаражатының көлемін мынадай басым тәртіппен бөлу тәсілімен жүргізіледі: апатты және (немесе) үш ауысымды мектептерді жою, сейсмикалық күшейту, орта білім беру объектілерін күрделі жөндеу.

      Бұл топтар келесі көрсеткіштер негізінде құрылады:

      1) 1950-1980 жылдары салынған орта білім беру ұйымдарының үлесі;

      2) орта білім беру ұйымдарының апатты объектілерінің саны;

      3) күрделі жөндеуді талап ететін орта білім беру ұйымдарының саны;

      4) үш ауысымда оқытатын орта білім беру ұйымдарының саны;

      5) оқушы орындары тапшылығының саны;

      6) оқушылардың табиғи өсімі;

      7) еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халықтың көші-қоны (15 жасқа дейін);

      8) перспективалы елді мекендерде тұратын оқушылардың үлесі;

      к2 – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және сейсмикалық қауіптілігі жоғары астана үшін түзету коэффициенті.

      Ескертпе:

      *Орта білім беру объектілерін салуға, реконструкциялауға арналған қаржыландыру көлемін білім беру саласындағы уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы кезеңдегі үш жылдық жоспардың орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ескере отырып, өңірлерді басымдық топтары бойынша қайта бөлу тәсілімен жоспарлайды.

      Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыруды есептеудің бұл алгоритмі "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілеріне қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бірінші абзацын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады