"Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 17 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 31949 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18405 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Н. Дауешов

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 17 ақпандағы
№ 52 бұйрықтың
қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 64 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Кинематография туралы" Заң 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) кинематографиялық қызмет субъектiсi – қызметiнiң негiзгi түрлерi: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;

      2) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;

      3) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);

      4) өтінім – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес қажетті құжаттар қоса берілетін кинематографиялық қызмет субъектілерінің өтініші;

      5) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес киножобаларды қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдауға өтінім берген кинематографиялық қызмет субъектісі;

      6) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерге, оның iшiнде жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын, қызметiнiң негiзгi түрi фильмдер шығару болып табылатын заңды тұлғаға мемлекеттiк қаржылық қолдаудың жалпы жылдық сомасының жалпы көлемінің кемiнде отыз бес пайызы мөлшерiнде қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну бойынша бірыңғай оператор.

2-тарау. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу тәртібі

      3. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығаруды, оның iшiнде жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекет қатысатын, қызметiнiң негiзгi түрi фильмдер шығару болып табылатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жалпы жылдық сомасының жалпы көлемінің кемiнде отыз бес пайызын құраған мемлекеттiк қаржылық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Орталық күнтізбелік жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – конкурстық іріктеу) жариялайды.

      Жаңа киножобаларға қосымша бюджет қаражаты бөлінген жағдайда Орталық 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте қосымша конкурстық іріктеу жариялайды.

      4. Конкурстық іріктеу төмендегі кезеңдерден тұрады:

      1) конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды Орталықтың интернет-ресурсында жариялау;

      2) Орталықтың өтініш берушілерден өтінімдер қабылдауы;

      3) Орталықтың осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтінімдерді қарауы;

      4) конкурстық іріктеу нәтижелері туралы өтініш берушілерді хабардар ету.

      Алдағы конкурстық іріктеу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) конкурстық іріктеуді ұйымдастырушының атауы;

      2) өтінімді қабылдаудың басталу және аяқталу күні, уақыты;

      3) мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін басым тақырыптар;

      4) конкурстық іріктеу туралы ақпарат алу үшін Орталықтың байланыс телефондары.

      Орталықтың өтінімдерді қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      5. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталған күні мен уақытынан кешіктірмей Орталыққа қолма-қол және электронды түрде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді, сондай-ақ келесі құжаттарды қоса енгізеді:

      1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) киножоба;

      3) киножобаның аннотациясы;

      4) шығармашылық топ туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтер (түйіндеме, түсірілген фильмдер туралы ақпарат);

      5) фильмнің түсірілім тобының құрамымен келісім туралы ниет шарттардың көшірмелері (қоюшы-режиссерлер, бас және атқарушы продюсерлер, қоюшы-операторлар, басты рөлдерді орындаушы актерлер, қоюшы-суретшілер) және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;

      6) авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік;

      7) кинематографиялық қызметтің шетелдік субъектілермен бірлескен өндірістің киножобалары үшін барлық қосымша келісімдермен бірге киножобаны өндіруге әрбір қосалқы продюсердің қатысу үлесін міндетті түрде көрсете отырып, фильмді бірлесіп өндіру туралы шарт қосымша ұсынылады;

      8) өтініш берушінің кинематография саласындағы іске асырылған жобаларының растайтын материалдарының болуы;

      9) құжаттар мен материалдарды тапсыру күніне салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтер.

      Осы Қағидалардың 5-тармағы 8) тармақшасындағы талаптар дебюттік фильмдерге қолданылмайды.

      Өтініш берушілерге мынадай талаптар қойылады:

      1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).

      6. Орталық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған өтінім және оған қоса берілген құжаттар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

      1) өтінімдерді қабылдау мерзімінен кейін Орталыққа келіп түскенде;

      2) өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмейтін құжаттарды немесе құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      3) өтініш берушінің анық емес немесе бұрмаланған ақпарат беруі.

      7. Орталық өтінімдерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған киножобаларды Орталық жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді. Сараптама кеңесі ұсынылған киножобаларды 20 (жиырма) жұмыс күнінде қарайды.

      8. Орталық Сараптама кеңесінің отырысы өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні Сараптама кеңесі отырысының өтетін күні, уақыты және орны туралы жазбаша хабардар етеді.

      9. Сараптама кеңесінің отырысында киножобаларды таныстыру және олардың "Кинематография туралы" Заңның 14-бабы 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігін қарау мақсатында қорғау жүзеге асырылады.

      10. Отырыстың нәтижесі бойынша Сараптама кеңесі "Кинематография туралы" Заңның 14-бабы 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы дәлелдерді көрсете отырып, әрбір киножоба бойынша хаттамамен ресімделген тиісті қорытынды шығарады.

      11. Сараптама кеңесінің қорытындысы отырыс өткізілген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган құратын кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына Орталықпен енгізіледі.

      12. Ведомствоаралық комиссия Орталық ұсынған Сараптама кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және хаттамамен ресімделетін ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру бойынша ұсынымдарды дайындайды.

      13. Орталық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Сараптама кеңесінің қорытындысын және Ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын енгізеді.

      14. Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні iшiнде ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      15. Бұйрық шыққаннан кейiн жұмыс 10 (он) жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi орган Орталықпен ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi бiрыңғай оператордың қызметтерiне, оның iшiнде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, қызметiнiң негiзгi түрi фильмдер шығару болып табылатын заңды тұлғаның мемлекеттік қаржылық қолдаудың жылдық жалпы көлемінің кемiнде отыз бес пайызы мөлшерiнде шарт жасасады.

      16. Орталық уәкілетті органмен шарт жасасқаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен киножобаны қаржыландыруға шарт жасасады.

  Ұлттық фильмдер деп
танылуға үмітті киножобаларды
шығару бойынша мемлекеттік
қаржылық қолдау көрсету үшін
оларды іріктеу қағидаларына
Қосымша
нысаны
"Ұлттық киноны қолдау
мемлекеттік орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының
Басқарма төрағасына
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса))
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
немесе, жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеуге қатысуға өтінім

      Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу мақсатында келесі

      киножобаны қарауды сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      (киножобаның атауы)

      Жанры: _____________________________________________________________

      Фильм санаты ________________________________________________________

      (әлеуметтік маңызы бар, бірлескен, көпшілікке арналған)

      Фильмнің өндірушілері ________________________________________________

      Кинокомпания / киножобаның авторы: ___________________________________

      Продюсер (лер): ______________________________________________________

      Қоюшы-режиссер (лер): ________________________________________________

      Сценарий авторы (лары): _______________________________________________

      Қоюшы-оператор (лар): _________________________________________________

      Қоюшы суретші (лер): __________________________________________________

      Музыкалық шығарманың авторы (лары): __________________________________

      Актерлер: _____________________________________________________________

      Киножобаны іске асыру мерзімдері

Кезең

Дайындық кезеңі

Түсірілім кезеңі

Монтаждау-әрлеу кезеңі

Дистрибуция*

Бастап





Дейін





      * Фильмді дистрибуциялау бойынша барлық жұмыстарды Өтінім беруші бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырады.

      Өндіріс

Формат


Хронометраж, минут


Түсірілім орындары


Түсірілім күндерінің саны


      Маркетинг және сату

Фильмнің жас классификациясы


Көрсетілім түрлері (кинотеатр, стриминг, теледидар және тағы басқалар)


Аудиторияны қамту (көрермендер саны)


Болжалды табыстар


      Өндірісті қаржыландыру көздері

Қаржыландыру

Сомасы, теңге.

Ұйым

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан сұралатын сома



Продюсердің меншікті қаражаты



Өтеусіз тартылған қаражат



Кредиттік / қарыз қаражаты



Қайтарылатын тартылған қаражат



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен бұрын алынған мемлекеттік қолдау



Барлығы



      Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік

      қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу Қағидаларының 5-тармағына сәйкес

      өтінімге қоса берілетін құжаттар мен материалдардың тізбесі:

      1. _____________________________

      2. _____________________________

      3. _____________________________

      Өтініш берушінің деректемелері ___________________________________

      (заңды мекен-жайы, пошта индексі, электрондық поштасы, телефондары)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру

      нөмірі).

      Өтініш беру күні: _____________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________

      Қолы ______________

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады