"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 31994 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "243. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар қолданылады:

      1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) төленген салықтар көрсеткіші;

      3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;

      4) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;

      5) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы;

      6) теріс мәндер.";

      9-тарау мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-параграфтармен толықтырылсын:

      "21-1-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын есептеу тәртібі

      289-1. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт осы Қағидаларға 11-4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.

      Егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын және әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

      289-2. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей ұсынылған үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін бастапқы/кезекті салық есептілігін тапсыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде веб-порталда бір рет жаңартылады.

      289-3. Осы Қағидалардың 289-1 және 289-2-тармақтардың ережесі жаңарту күніне дейін салық есептілігін ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерге қатысты қолданылмайды.

      21-2-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде ететін теріс мәндерді есептеу тәртібі

      289-4 Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер осы Қағидаларға 11-5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.

      289-5. Егер әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған шарт болса, веб-портал әрбір осындай шарт үшін осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты жеңілдігінің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 11-4 және 11-5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ 225 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (конкурс нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ___________________________________

      Конкурстың № ______________________________________

      Конкурстың атауы ___________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ___________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы _______________________

      Конкурстық комиссияның құрамы

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі___________

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Лот № _________________________________________________

      Лот атауы ______________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

      (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Өтінім берілген күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Өтінімді қайтадан беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

Сұрау салуға жауап беру күні






      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

Шартты жеңілдік %

Комиссия мүшесінің шешімі

Ауытқу себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылдамау себептерінің егжей-тегейлі сипаттамасы







      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Қабылдамаудың себебі1





      ________________________________

      1мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес еместігі, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі, Заңның 6-бабының талаптарын бұзушылық).

      Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН




      Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 243-тармағында тең болған кезде көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / НП

Шартты жеңілдіктер, %




Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі

Төленген салықтардың көрсеткіші

Тауарлардың функционалдық сипаттамалары

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

Тауарлардың сапалық сипаттамалары

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы

Теріс мәндер

Жалпы шартты жеңілдік, %













      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Заңның 26-бабына сәйкес сома

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдік ескерілген баға

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші

Өтінімді беру күні мен уақыты











      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) Заңда белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.

      Не:

      №___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      *Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері _________№ _______ (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).

      Не:

      Заңның 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Ескертпе:

      * Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ 225 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-1-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (конкурс нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ___________________________________

      Конкурстың № ______________________________________

      Конкурстың атауы ___________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ___________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы _______________________

      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі ___________

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Лот № __________________________________________

      Лот атауы __________________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

      (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Өтінім берілген күні мен уақыты
(хронология бойынша)





      Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 243-тармағында тең болған кезде көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / НП

Шартты жеңілдіктер, %




Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі

Төленген салықтардың көрсеткіші

Тауарлардың функционалдық сипаттамалары

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

Тауарлардың сапалық сипаттамалары

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы

Теріс мәндер

Жалпы шартты жеңілдік, %













      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Заңның 26-бабына сәйкес сома

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдік ескерілген баға

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші

Өтінімді беру күні мен уақыты











      Автоматты түрде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды салыстыру және жеңімпазды анықтау:

      1. № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленгенмерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.

      Не:

      №___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      *Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері _______ № _______ (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).

      Не:

      Заңның 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Ескертпе:

      * Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ 225 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-4-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі оның конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың тізбесі

Жұмыстар мен қызметтердің атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, құрылысқа байланысты емес жұмыстар

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ 225 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-5-қосымша

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Жұмыстар мен қызметтердің атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар

3.

Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша жұмыстар

4.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау, жобаны басқару)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады