"Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32104 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушілердің "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру тәртібі мен кезеңділігі";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және тоқсанына бір рет өзектендіріледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы" өлшемшарты 0,98-ден 1-ді қоса алғанға дейінгі диапазонда болатын түзетулерді есепке ала отырып жылдық жиынтық кіріске түзетулерді есепке ала отырып корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.

      Аталған өлшемшарттың басымдылығы – плюс 4 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады.

      Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады.

      Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.

      "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарттың басымдылығы – плюс 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

      17. "Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салықтарды төлеуден жалтару белгілері бар салық төлеушілер" өлшемшарты, салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету арқылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – плюс 5 балл, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Салықтық мониторингке қатысу" өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім, сондай-ақ көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобада болған жағдайларда айқындалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы" өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – минус 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарты "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 26-3-тармақпен толықтырылсын:

      "26-3. "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы" өлшемшарты Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынатын, салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы мәліметтері негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – минус 1 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Салық төлеуші - жеке тұлғаға қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары";

      мынадай мазмұндағы 7-тарауымен толықтырылсын:

      "7-тарау. Мерзімдік салықтық тексеру субъектілерінің (объектілерінің) салық төлеушілерін іріктеу үшін тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) тәртібі мен өлшемшарттары

      32. Мерзімдік салықтық тексерулер құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары мен құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша тағайындалады.

      33. Мерзімдік салықтық тексерулерге осы Тарауда көзделген өлшемшарттарды бір мезгілде сақтай отырып санаттау нәтижелері бойынша ең жоғарғы балл көрсеткіші бар салық төлеушілер жатады.

      34. "Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі үш жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер" өлшемшарты.

      35. "Соңғы санаттау нәтижелері бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған салық төлеушілер" өлшемшарты.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады