Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32184 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің міндеттерін атқарушы
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің міндеттерін
атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 125-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) құзыретті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растауды беруге уәкілетті мемлекеттік орган;

      3) өтініш беруші – жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар.

      3. Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес құзыретті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен келісім бойынша әкелінетін тауардың ерекше сипаттамаларын ескере отырып, тауардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі

      4. Әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растауды алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе құзыретті мемлекеттік органдарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын алуға өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) олардың негізінде тауарды әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;

      2) нысаналы мақсатын растауды ұсыну қажет болған, әкелінетін тауардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігінің еркін нысанда сипаттамасы.

      5. Өтініш берушінің немесе уәкілетті тұлғаның (өтінімге қол қоюға растайтын құжат болған кезде) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінім уәкілетті органға немесе құзыретті мемлекеттік органдарға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде енгізіледі.

      Өтінім уәкілетті органның немесе құзыретті мемлекеттік органдардың кеңсесінде олар келіп түскен күні қабылданады және тіркеледі.

      6. Уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына толықтығы мен сәйкестігі тұрғысынан қарайды және тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы мәліметтерді уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке қарау кезеңінде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Өтінім мен ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына толық және сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тиісті ескертулер жібереді.

      Өтініш беруші ескертулерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.

      8. Егер 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш беруші өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар өтінімді одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге дәлелді бас тартуды жібереді.

      9. Өтінім оң қаралған жағдайда уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың нысаналы мақсатын уәкілетті органның немесе құзыретті мемлекеттік органдардың басшысының, не оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен растайды және өтініш берушіге "электрондық үкіметтің" веб - порталы арқылы электрондық түрде жібереді.

      10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар өтінімді қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) жібереді.

      Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      ҚР ӘРПК 73-бабының 4-тармағына сәйкес өтініш беруші өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда уәкілетті орган немесе құзыретті мемлекеттік органдар тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      11. Өтінімді қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші ҚР ӘРПК 91-бабына сәйкес уәкілетті органның немесе құзыретті мемлекеттік органдардың шешіміне шағымданады.

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растауды алуға арналған өтінім

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар

      номенклатурасының ______________________________________________________

      (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы

      экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды)

      кодымен жіктелетін және ___________________________________________________

                                    (өлшем бірлігі)

      мөлшерінде тек қана _______________________________________________________

      __________________________________________________________ әкелуге арналған

                  (тауарды әкелу мақсатын көрсету)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тауардың атауы және сипаттамасы)

      нысаналы мақсатын растауды беруді сұрайды.

      Көрсетілген тауарларды қатаң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды мақсатсыз пайдаланған жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодекстеріне сәйкес тиесілі кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын төлеуге міндеттенемін.

Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код)


Өтініш берушінің орналасқан жері (заңды мекенжайы)


Өтініш берушінің телефоны, электрондық поштасы


Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауарды әкелу жүргізілетін кеден органы


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Өтінімге олардың негізінде тауарды әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері және декларацияланатын тауарлардың құрамына кіретінін немесе өндіріске арналған материалдар болып табылатынын растайтын құжаттар* қоса беріледі.

      Жеке тұлға/Заңды тұлғаның басшысы

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      20__ жылғы "____" __________

      Ескерту:

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес бұл құжат қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      * Өндірістің құрамына кіретін немесе өндіріске арналған материалдар болып табылатын шикізатты немесе жинақтауыштарды, сондай-ақ жабдықты әкелген жағдайда.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің міндеттерін
атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 125-НҚ бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау

      _____________________________________________________________ сәйкес

      (оның негізінде тауарларды әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттың деректемелері)

      _____________________________________________________________әкелген

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тауардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық

      қызметінің тауар номенклатурасының коды, саны, келісімшарт (шарт)

      валютасындағы құны)

      _______________________________________________________ үшін арналған

                  (тауарларды әкелу мақсатын көрсету)

      Уәкілетті тұлға _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Мөрдің орны

      20__ жылғы "____" __________

      Ескерту:

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес бұл құжат

      жеткізгіштегі құжатқа тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады