Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 32352 болып тіркелді.

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидалары бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 354 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) (бұдан әрі – айдауылдағы адамдар) тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзетуді және алып жүруді (айдауылмен алып жүруді) "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әскери полиция органдарының бөлімшелері жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшiлердi (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) арнайы көлік құралымен жүзеге асырылады. Арнайы көлік құралы радиостанциямен, жарқылдауық маякпен, кабина мен шанақ арасындағы сөйлесу құрылғысымен жабдықталады.

      4. Айдауылдағы адамдарды дәретханаға шығаруды айдауылдағы адамның алдында және соңында жүріп отыратын айдауылмен алып жүрушілербір-бірден жүргізеді. Дәретхана есігі айдауылдағы адам онда болған кезде сәл ашық қалады, қол кісендері шешіледі, терезе жабық күйде бекітіледі.

      Әйелдерді айдауылмен алып жүру кезінде айдауыл құрамына әскери полиция органының әскери қызметші әйелдері қосылады.

      5. Айдауылмен алып жүруге жататын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес айдауылдағы адам шығатын әскери полиция органы жол бойы тамақтандыруды қамтамасыз етедi.

2-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылмен алып жүру үшін негіздер

      6. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерге (прокуратураға, сотқа, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін және басқа да мән-жайбойынша) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер негізіндештаттық қарумен және арнайы құралдармен қаруланатын айдауылдың күзетуімен көлік құралымен жіберіледі.

      7. Сотталғандарды айдауылмен алып жүру сот шешімдері негізінде, сондай-ақ шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерінің денсаулық сақтау мекемелерінежәне кері айдауылмен алып жүру қажеттілігі туралы жазбаша баянаты, тағайындауы бойынша жүргізіледі.

      8. Егер сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау органы бұрын шығарған қаулы негізінде бір уақытта куәгер ретінде іс бойынша өтетін гауптвахтада ұсталатын адамдар шақырылса, бұл туралы да өтінімде көрсетіледі.

      9. Тергеушінің немесе соттың күдіктілер мен айыпталушыларды, сотталғандарды айдауылмен алып жүруге өтінімі оларды гауптвахтада ұстау орны бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу немесе сот отырысы басталғанға дейін оны үш тәулік бұрын алуды ескере отырып жолданады.

      10. Гауптвахта бастығы кемінде бір тәулік бұрын әскери полиция органының бастығына айдауыл бөлуге өтінім жолдайды.

      11. Өтінімдерден басқа, күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру үшін:

      1) прокурор санкция берген қаулы немесе соттың айдауылмен алып жүру туралы қаулысы;

      2) прокурордың, тергеушінің қаулысы немесе соттың жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысы;

      3) әскери полиция органы бастығының күдікті мен айыпталушыны денсаулық сақтау ұйымына жіберу туралы өкімі негіз болып табылады.

3-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылмен алып жүру үшін қабылдау тәртібі

      12. Айдауыл күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау пунктіне барады, онда айдауыл бастығы:

      1) гауптвахта бастығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нұсқаманы көрсетеді;

      2) айдауылдағы адамдарға тиісті құжаттарды алады және олардың дұрыс ресімделуін тексереді, айдауылдағы адамдарды арнайы көлік құралының камералары бойынша орналастыруды айқындайды, күшейтілген қадағалау талап етілетін күдікті, айыпталушы және сотталған адамдар туралы айдауылмен алып жүрушілерді хабардар етеді;

      3) күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылмен алып жүру үшін қабылдау уақытында оларды жеке тінту мен күзету үшін айдауыл құрамының есебін жүргізеді және орналастырады;

      4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау жүргізілетін үй-жайды қарайды.

      Күдіктілердің құжаттары және айыпталушылар мен сотталғандардың жеке істері мөрленген пакетте айдауыл бастығына беріледі.

      Айдауылмен алып жүру үшін жіберілетін адамдарды қабылдау бір-бірден жүргізіледі және айдауыл бастығының олардан денсаулық жағдайы, шағым мен өтініштің болуы туралы ауызша түрде сұрауынан, сұрау нәтижесін құжаттармен салыстырудан, жеке тінтуден, заттарын толық тексеруден тұрады. Толық тексеруді және тінтуді толық тексерілетін адаммен бір жынысты адам жүргiзедi.

      13. Айдауылмен алып жүруге қабылданатын адамдар оларға бар құжаттарға сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жол жүру журналында тіркеледі, одан кейін жеке тінтуге, ал олардың заттары мен азық-түлік өнімі толық тексеруге жатады.

      Айдауыл бастығы тінту және толық тексеру нәтижесі туралы жол жүру журналында тінту жүргізген әскери қызметшінің тегін көрсетіп, жазба жасайды.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді толық тексеруді және тінтуді гауптвахта әскери қызметшілері жүргізеді. Толық тексеруді және тінтуді толық тексерілетін адаммен бір жынысты адам жүргiзедi.

      Айдауылдағы адамдардан табылған сақтауға рұқсат етілмеген заттар мен құралдар "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынады.

      14. Айдауылмен алып жүру үшін:

      1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ адамдар;

      2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша айдауылмен алып жүруге жатпайтын науқастар;

      3) дәрігердің оларды айдауылмен алып жүру туралы анықтамасы жоқ жүкті әйелдер;

      4) жүру жолына азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген немесе маусымға сәйкескиінбеген;

      5) теріс нәтиже алғанға дейін бұрын инфекциялық аурулармен ауырған адамдармен байланыста болған, медициналық куәландырудан және зертханалық тексеруден өтпеген адамдар қабылданбайды.

4-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды арнайы көлік құралымен айдауылмен алып жүру

      15. Айдауылдағы адамдарды арнайы көлік құралына отырғызу алдында айдауыл бастығы оның шанағының жай-күйін, жарық түсірудің, сөйлесу құрылғысының, байланыс құралдарының, желдеткіштің, камера есіктері мен құлыптарының ақаусыздығын, орындықтардың мықты бекітілуін тексереді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заттарды алып тастауға шаралар қабылдайды.

      16. Айдауылдағы адамдарды арнайы көлік құралына отырғызу жүргізушінің қозғалуға әзір екені туралы баяндауынан кейін жүргізіледі. Көлік құралы айдауылдағы адамдар ұсталатын және олардың шығуы жүзеге асырылатын ғимараттың сыртқы есігіне (қақпасына) тақалып қойылады.

      Айдауылдағы адамдар лекте бір-бірден көлік құралы шанағының есігіне жеткізіледі, айдауыл бастығы оларды кезекпен тегі бойынша тексеріп және дауыстап санау арқылы шанаққа жіберіп тұрады. Шанақта қаруы жоқ айдауылдың біреуі айдауыл бастығының нұсқауларына сәйкес айдауылдағы адамдардың санын дауыстап қайталай отырып, оларды камералар бойынша орналастырады, қалған айдауылмен алып жүрушілер көлік құралына отырғызуды бақылайды.

      17. Айдауылдағы адамдарды отырғызғаннан кейін айдауыл бастығы оларды оқшаулау талаптарының сақталуын бақылап тексеруді жүргізеді, айдауылды орналастыру туралы нұсқау береді және өзі көлік құралының кабинасында орын алады. Камера құлыптарының кілті айдауыл бастығында сақталады.

      18. Айдауылдағы адамдарды соңғы белгіленген пунктте түсіру кезінде жүргізуші айдауыл бастығының нұсқауы бойынша көлік құралын бөгде адамдардың қолжетімділігін болдырмайтын,алдын ала белгіленген орында тоқтатады. Айдауылдағы адамдар бір-бірден (екеуден) лекке тұрғызылады және айдауыл бастығының командасы бойынша үй-жайға қарай жылжиды.

      19. Айдауылды жіберетін әскери полиция органының бастығы арнайы көлік құралының шыққан күні және уақыты туралы соңғы баратын пункт органының бастығына, сондай-ақ әскери полиция органдарының аралық бөлімшелеріне хабарлайды.

5-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жаяу реттілікте айдауылмен алып жүру

      20. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар жаяу реттілікте:

      1) арнайы көлік құралынан –айдауылдағы адамдарды сот ғимаратында ұстау үшін камераларға немесе көшпелі сот сессияларында ол үшін бөлінген үй-жайларға, гауптвахтаның режимдік аймағына, тергеу әрекетін жүргізу орнына, денсаулық сақтау ұйымына;

      2) күзеттен, гауптвахтадан немесе айдауылдан қашып кеткен адамдарды ұстау орнынан – егер көлік құралын пайдалану мүмкін болмаса, оларды тапсырудың ең жақын пунктіне дейін;

      3) гауптвахтадан – сотталғандардың өміріне қауіп төндіретін табиғи, техногендiк немесе өзге де сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде басқа күзету мекемесіне немесе қауіпсіз жерге айдауылмен алып жүріледі.

      Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қалада және елді мекенде жаяу реттілікте айдауылмен алып жүруге жол берілмейді.

      21. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жаяу реттілікте айдауылмен алып жүру кезінде олардың саны мен жолдың еніне қарай 2-4 адамнан лекке тұрғызылады.

      Айдауылды орналастыру мынадай болып жүргізіледі:

      1) екі айдауылмен алып жүруші болған кезде – біреуі – айдауылдағы адамдардың сол жағынан 1 – 1,5 метр қашықтықта және бірнешеуі артынан, екіншісі – оң жағынан, олардың артынан сол қашықтықта жүреді;

      2) үш айдауылмен алып жүруші болған кезде – екі айдауылмен алып жүруші айдауылдағы адамдардың екі жағынан, айдауыл бастығы – барлық топ артынан жүреді;

      3) төрт және одан көп айдауылмен алып жүруші болған кезде – олардың біреуі алдында, қалғандары жан-жақтан, айдауыл бастығы – айдауылдағы адамдар легінің артынан жүреді. Жағдайға байланысты, айдауыл бастығы айдауылмен алып жүрушілер мен айдауылдағы адамдар арасындағы арақашықтықты қысқартады немесе ұзартады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасында
ұсталатын әскери қызметшiлердi
(әкімшілік қамаққа алынған
әскери қызметшілерден басқа)
гауптвахтадан тыс жерде күзету
және алып жүру (айдауылмен
алып жүру) қағидаларына
1-қосымша

Айдауыл бастығына берiлетiн қызметтiк құжаттар тізбесі

Әскери полиция органдарында дайындалатын құжаттар:

      1. Елді мекен шегінде айдауылмен алып жүру кезiнде:

      1) күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар тiзiмi;

      2) әрбiр күдікті мен айыпталушыға мөр басылған құжаттар бар пакеттермен жеке iстер.

      Сотқа айдауылмен алып жүру кезiнде тек күдіктілер мен айыпталушылар тiзiмi.

      2. Елді мекеннен тыс жерге айдауылмен алып жүру кезiнде:

      1) күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар тiзiмi үш данада;

      2) әрбiр күдіктіге құжаттар бар мөр басылған пакеттермен әрбір айыпталушыға жеке iс бойынша оған жапсырылған анықтамасы бар мөр басылған пакеттердегі жеке істер;

      3) айдауыл бастығына күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау (тапсыру) құқығын беретiн нұсқама (айдауыл жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);

      4) жол жүру құжаттары;

      5) маршруттық парақ;

      6) жол жүру журналы;

      7) азық-түлiк аттестаты.

      3. Айдауылмен алып жүру үшін күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау кезінде:

      1) айдауылдағы адамдардың ілеспе тізімі үш данада;

      2) әрбiр сотталғанға жеке ісі бойынша анықтамасы жапсырылған мөр басылған пакеттегі құжаттар бар жеке іс;

      3) азық-түлік аттестаты (елді мекеннен тыс жерге айдауылмен алып жүру кезінде).

      4. Денсаулық сақтау ұйымына айдауылмен алып жүру кезінде:

      1) медицина қызметкерінің медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымынаәкетуқажеттілігі туралы баянаты (тағайындауы);

      2) айдауыл бастығына айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау (тапсыру), айдауылмен алып жүру құқығын беретiн нұсқама (айдауыл жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);

      3) жеке іс бойынша анықтама;

      4) маршруттық парақ;

      5) жол жүру журналы.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасында
ұсталатын әскери қызметшiлердi
(әкімшілік қамаққа алынған
әскери қызметшілерден басқа)
гауптвахтадан тыс жерде күзету
және алып жүру (айдауылмен
алып жүру) қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жол жүру журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2023 № 961 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (орган атауы)

      Басталды:_____________

      Аяқталды:_____________

      Жол жүру журналын толтыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      журналдың екі бетінің қайырылатын жерінде айдауыл бастығы титул мәтінін ресімдейді.

      (2-ші және одан кейінгі жұп беттері – қайырылатын жердің сол жағы)

Қабылдау күні

Қабылдау пункті (станция атауы, орган атауы)

Жеке іс нөмірі, жеке іс бойынша анықтаманы жасаған орган атауы

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса,егер бірнеше болса, барлығын атап көрсету)

Туған жылы

Қай мерзімге сотталды және мекеме түрі (санаты)

ҚР ҚК-ның қай бабы бойынша сотталды немесе айыпталады

1

2

3

4

5

6

7

8









      (3-ші және одан кейінгі тақ беттері – қайырылатын жердің оң жағы)

Айдауылмен алып жүру үшін негіз (оларды шығарушы, нөмірі мен күні көрсетілетін нұсқау, наряд, бұйрық, өкім, қаулы)

Қайда және кімнің қарамағына жүреді (қала, станция, орган атауы)

Қайда тапсырылуға тиіс (станция, орган атауы)

Толық/ішінара тінту мен толық тексеруді кім жүргізді (атағы мен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тінту кезінде алынған ақша мен тыйым салынған заттар тізбесі, жол жүру кезеңінде ұсталған камера нөмірі

Айдауылдағы адамдарды және құжаттарды қабылдаған айдауыл бастығының немесе әскери полиция органы лауазымды адамының қолхаты

9

10

11

12

13

14







  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасында
ұсталатын әскери қызметшiлердi
(әкімшілік қамаққа алынған
әскери қызметшілерден басқа)
гауптвахтадан тыс жерде күзету
және алып жүру (айдауылмен
алып жүру) қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Орган мөртаңбасы

      (тіркеу нөмірі)

      ________________________________ бастығына

      (әскери полиция органының атауы)

ӨТІНІМ

      __________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      ___________________________________________________________________

      (сот мекемесiнiң, тергеу әрекетiн жүргiзу орнының және т.б. атауы)

      _______________________________________________ парақтың артқы бетінде

      (күні, сағаты)

      аты аталған адамдарды _______________________________________________

      айдауылмен алып жүруүшін айдауыл жiберуiңiздi сұраймын.

      Айдауылмен алып жүруге жататын адамдар__________________________

      __________________________________________ қарамағына түседi.

      (лауазымы, тегi көрсетiледi)

      Сот процесi (тергеу әрекетін жүргізу) ______________________ басталады.

      (уақыты, болжамды ұзақтығы көрсетіледі)

      Уәкілетті адам___________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты-жөні, қолы)

      Артқы жағы                                                 Нысан

Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабы (баптары) бойынша айыпталады, күдікті болады, сотталды

Ұстау орны (мекеме атауы)






Әртүрлі санаттағы айдауылдағы адамдарды ішкі оқшаулау бойынша талаптар (нақты кімнен немесе барлық айдауылдағы адамнан көрсетіледі)

Қандай айдауыл талап етіледі (қарапайым, ерекше немесе күшейтілген)

Айдауылмен алып жүру тәртібіне қатысты нұсқама

Айдауылдағы адамдарға тінту жүргізген адамның тегі

Айдауылдағы адамдарды айдауылдан қабылдау не қамақтан босату туралы қолхат






      Уәкілетті адам______________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының гауптвахтасында
ұсталатын әскери қызметшiлердi
(әкімшілік қамаққа алынған
әскери қызметшілерден басқа)
гауптвахтадан тыс жерде күзету
және алып жүру (айдауылмен
алып жүру) қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Орган мөртаңбасы

      (тіркеу нөмірі)

      Кiмге _________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Нұсқама

      Осы нұсқаманы ұсынушы______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (әскери полиция органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (сот, гауптвахта, ауыстыру пункті, станция атауы)

      ____________________________________________________________________

      күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылмен алып жүру және

      қабылдау (тапсыру) үшін айдауыл бастығы болып тағайындалды.

      Нұсқама 20 _ жылғы "____" __________ дейін жарамды.

      Мөр орны

      Әскери полиция органының бастығы________________________________

      (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы)

      Артқы жағы

Айдауыл құрамының тізімі

Р/с

Тегі мен аты-жөні

Лауазымы мен атағы

Қарудың түрі мен нөмірі

Нұсқау берумен танысқаны туралы қолы






      Әскери полиция органының бастығы

      ___________________________________

      (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады