Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32431 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларға 3-қосымшаның 7-тармағын, 9-тармағының 3) тармақшасын және 10-тармағының 2) тармақшасын және 11-қосымшаның 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 28 сәуірдегі
№ 169/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 № 95/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік талаптары – өтініш беруші мен көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де көрсетілетін қызметтің жекелеген лицензияланатын түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

      2) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      3) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

      5) цифрлық майнинг – берілген шифрлау және деректерді өңдеу алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып, блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін есептеу операцияларын жүргізу процесі;

      6)цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы – цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен және тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан өндірістік ғимараттан тұратын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын ақпараттандыру объектісі;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2 тарау. Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау тәртібі

      3. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия келесі кіші түрлері бойынша беріледі:

      I кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;

      II кіші түр – цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш пен құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 13 (он үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 № 95/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілген мерзімде 4 және 5 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензияны (бұдан әрі – лицензия) және (немесе) 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияға қосымшаны (бұдан әрі-лицензияға қосымша) ресімдейді осы Қағидаларға және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      10. Лицензия беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      11. Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 № 95/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар портал арқылы цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға жібереді:

      тізбеде баяндалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш пен құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды, мәліметтерді тексеру және (немесе) құжаттарды тиісінше ресімдеу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" нысанда жібереді көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат.

      16. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанында 1-тармақтың 3) тармақшасында және 2-тармақтың 2) тармақшасында ұсынылған цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат өзгерген кезде, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күндері бұл туралы ақпараттық жүйе арқылы цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қазақ және орыс тілдерінде лицензия береді.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      18-1. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру Заңның 9-бабында және Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 № 95/НҚ (13.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік актіні жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы шағымда көрсетілген талаптарды толығымен қанағаттандыратын әрекет.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 № 95/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      23. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш I кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – меншік құқығындағы цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға I кіші түр лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы:

      ___________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта __________________ Телефон ______________

      Цифрлық майнинг деректер орталығының мекен-жайы

      ___________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электр энергиясын алу тәсілі __________________________________________

      (электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан/

      генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр

      энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан).

      _____ парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған деректерді пайдалануға келіседі.

      _____________________________ _____________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтініш
II кіші түрдегі қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін-меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және орталықта орналасқан цифрлық майнингке арналған меншік құқығында өзіне тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы жөніндегі цифрлық майнинг деректерін өңдеу

      _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      __________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға II кіші түр лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы

      _____________________________________________________________

      (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта ________________ Телефон _______________

      Көрсетілетін қызметті алушыға меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылған цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының мекенжайы

      __________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      ______парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін ақпараттық жүйелерде, лицензия беру кезінде.

      _________                               _____________________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (үш) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

лицензия, цифрлық майнинг бойынша қызметін лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, келесі лицензиялық алым алынады:
1) I кіші түрге лицензия бергені үшін – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы – 2000 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) II кіші түр лицензиясын бергені үшін – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан Цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық – бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы – 5 АЕК;
3) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Құжаттар тізімі

1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны.
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мынадай мәліметтерді алады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарда;
2) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы;
3) бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы ақпаратты қамтиды.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті немесе лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
7) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген moap@mdai.gov.kz.
4. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777.

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензия қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр
лицензиясы

Берілген күні: жыл

Лицензия нөмірі:

Берілген

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Айналысуға берілді

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы") (бұдан әрі – Заң)

Ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Ескерту

(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Лицензияның қолданылу мерзімі

______ жылғы "____" __________

Берілген орны


  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензия қағидаларына
5 -қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған II кіші түр
лицензиясы

Берілген күні: жыл

Лицензия нөмірі:

Берілген

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Айналысуға берілді

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы") (бұдан әрі – Заң)

Ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Ескерту

(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Лицензияның қолданылу мерзімі

______ жылғы "____" __________

Берілген орны


  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензия қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр
лицензиясына қосымша

Лицензияның берілген күні

Лицензия нөмірі:

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

І кіші түр-меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Деректер орталығының орналасқан жері

(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

Электр энергиясын алу тәсілі

(электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан/ генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі


Қолданылу мерзiмi

______ жылғы "____" __________

Қосымшаның берілген күні

______ жылғы "____" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензия қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған ІІ кіші түр

лицензиясына қосымша 

Лицензияның берілген күні

Лицензия нөмірі:

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

ІI кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі


Қолданылу мерзiмi

______ жылғы "____" __________

Қосымшаның берілген күні

______ жылғы "____" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Ұйымның атауы



 

Ұйымның атауы



[Ұйымның атауы, заңды
мекенжайы, жеке
сәйкестендіру
нөмірі/бизнес
сәйкестендіру нөмірі]







Нөмірі: [құжат нөмірі]
[Берілген күні]







Дәлелді бас тарту


[УО атауы] № [кіріс құжаттың нөмірі] [Өтінім күні] Сіздің өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлайды.
[Бас тарту себебі]



[Қол қоюшы лауазымы]


[Қол қоюшының Т.А.Ә. (бар болса)]

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Меншік құқығында цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы бар І кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге
өтініш

      ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      20______"___"_______№________ цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген I кіші түрдегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қажетінің астын сызу керек) қайта ресімдеуді сұраймын. (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі, берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген, көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      ____________________________________________________ жүзеге асыруға (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы) келесі негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) жеке кәсіпкердің-көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды тұлғаның-көрсетілетін қызметті алушының атауын және (немесе) орналасқан жерін қайта тіркеу: __________________________________________

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес заңды тұлғаны-көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру (тиісті торкөзде көрсетіңіз):

      біріктіру ____________________________________________________

      түрлендірулер _______________________________________________

      қосылу _____________________________________________________

      таңдау _____________________________________________________

      бөлу _______________________________________________________

      3) деректер орталығының орналасқан жерін өзгерту: _______________;

      4) қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту: ________________________;

      5) электр энергиясын сатып алу көзі: ________________________;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы: __________________________________________________.

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы

      __________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта ______________

      Телефон ________________________

      ______парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе)кіші түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді жарамды болып табылады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      _____________            _____________________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және орталықта орналасқан цифрлық майнингке арналған меншік құқығында өзіне тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы жөніндегі цифрлық майнинг деректерін өңдеу - ІІ кіші түрдің қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш

      __________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      20______"___"_______№________ цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген II кіші түрдегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қажетінің астын сызу керек) қайта ресімдеуді сұраймын. (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі, берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қосымшаны) берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      _______________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)

      келесі негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      1) жеке кәсіпкердің-көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды тұлғаның-көрсетілетін қызметті алушының атауын және (немесе) орналасқан жерін қайта тіркеу: _________________________________________________

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес заңды тұлғаны-көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру (тиісті торкөзде көрсетіңіз):

      біріктіру ____________________________________________________

      түрлендірулер _______________________________________________

      қосылу _____________________________________________________

      таңдау _____________________________________________________

      бөлу _______________________________________________________

      3) қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту: ________________________;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы: __________________________________________________.

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы

      _________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________

      Телефон ______________________________________________

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе)кіші түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді жарамды болып табылады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      _____________                         _____________________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________

  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
лицензиялау қағидаларына
11-қосымша

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнер үшін – І кіші түрі:

      1) Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама (цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама нөмірі);

      2) деректерді өңдеу орталығының орналасқан жерін көрсете отырып, меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы растайтын құжат;

      3) цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат (Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнинг пулдары болса цифрлық майнинг пулы арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруды растайтын электрондық құжат (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен шарттың электрондық көшірмесі);

      4) цифрлық майнингте электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар жүйесінің, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағына сәйкес олардың желілеріне қосылған кезде жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүктемені ажырату құрылғыларының болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана энергия беруші ұйымдардан берілген цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі.

      2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік немесе өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі*.

      2. Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнер үшін – ІІ кіші түр:

      1) Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама (цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама нөмірі);

      2) цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат (Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнинг пулдары болса цифрлық майнинг пулы арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруды растайтын электрондық құжат (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен шарттың электрондық көшірмесі).

      *Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады