Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32599 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі 2023 жылғы
26 мамырдағы № 180
/бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      4. Құрам облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) әкімінің өкімімен бекітіледі.

      5. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы тақ санын құралады, бірақ жеті адамнан аспауға тиіс.

      Комиссияның құрамына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі кіреді.

      6. Төраға және төрағаның орынбасары Комиссияның бірінші отырысында оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады.

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      8. Комиссия отырыстарының шешімдері мен хаттамаларын дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      9. Комиссия отырыстары тоқсан сайын оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде өткізіледі.

      10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және егер оларға қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      11. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төраға және қатысып отырған Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қояды.

      Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде Комиссия хатшысының "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде электрондық түрде Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларында айқындалған нысан бойынша хаттама қалыптастырылады.

      12. Комиссия шешімі тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) мүгедектігі бар адамның/тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің өтініштеріндегі материалдарды алқалы түрде қарау және олар бойынша шешімдер шығару:

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына өнім беруші мәлімдеген сипаттамалардың сәйкес келуін мониторингтеу болып табылады.

      14. Комиссия өз құзыреті шегінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының қызметі мәселесі бойынша мүгедектігі бар адамдардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.

      15. Комиссия жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен қызметтерді берушілердің өтініштерін қарайды, бұзушылықтар анықталған кезде жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген күнтізбелік 14 күн ішінде жойылмаған жағдайда, Комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.

      16. Комиссияның негізгі функцияларына:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер ретінде тіркеуге үміткерлердің өтініштерін қарау;

      2) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару;

      3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар орналастырған, өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы туралы ақпаратты қарау;

      4) тиісті емес сападағы және (немесе) ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ұсыну фактілерін анықтау жатады.

  Әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталы мәселелері
жөніндегі комиссияның
үлгілік ережеге
қосымша
  Нысан

Хаттама 20___жылғы __ ___________№ ____

      Комиссия_____________________________________________________

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тіркелуге арналған өтінішті қарап,

      _____________________________________________________________

      өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы

      өнім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру

      нөмірі________________________________________________________

      өнім берушінің қызмет түрі _____________________________________

      мынадай шешім шығарды:

      рұқсат беру және тіркеуге туралы;

      мынадай себеп бойынша бас тарту туралы:

      өнім беруші енгізген 2023 жылғы __ ____________ № ___ Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының ___ -тармағында көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;

      ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      уәкілетті адамның қолымен куәландырылған және мөрмен (бар болса) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және түсініксіз жазбалардың, анық өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің болуы, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      Кодекстік 167-бабының 6-тармағына сәйкес келмеуі.

________________________ (комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды ________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________ (комиссия мүшесінің шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды ________________________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________ (комиссия төрағасының шешімі)

Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _________________________________________________
(комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _________________________________________________
(комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады