Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 547 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32600 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" "Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 152-бабына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңсыз өткізілген тауарларды сәйкестендіру мақсатында, осы тауарларды анықтаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары "Кеден құжаттарының нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша Кедендік тексеру актісін жасай отырып, кедендік тексеру жүргізеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер сотқа дейінгі тергеу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында заңсыз өткізілген тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталмаса, осындай тауарларды сатып алған тұлға декларант ретінде әрекет етеді. Бұл ретте, көрсетілген тұлғаға декларанттың өкілеттілігін бекіту үшін заңсыз өткізілген тауарларға қатысты, осындай тауарларды заңды сатып алуды растайтын құжаттар (сатып алу – сату шарты, шот-фактурасы және басқа да құқық белгілейтін құжаттар) немесе соңғы инстанциядағы соттың процессуалдық құжаты – шешімі (сот қаулысы), қылмыстық қудалау органының не уәкілетті лауазымды тұлғаның, осындай тауарларды тұлғаның сатып алу заңдылығының мән-жайларын растауы негіз болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңсыз өткізілген тауарларды декларациялау кезінде декларация "Тауарларға арналған декларация нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен белгіленген тәртіпте (бұдан әрі – Тәртіп), мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып толтырылады:

      1) декларант Тәртіпке сәйкес декларацияның 1, 3, 4, 5, 7, 14, 16, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 44, 45, 46, 47, 48, В, 54 бағандарын толтырады;

      2) декларацияның 7-бағанында "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес "ЗӨТ" коды көрсетіледі;

      3) декларацияның 44-бағанында Кодекстің 179-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растау үшін қажетті болып табылатын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі;

      4) мемлекеттік кірістер органы декларацияның бағандарын Тәртіптің ХІ бөліміне сәйкес толтырады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңсыз өткізілген тауарлардың кедендік құны "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына әкелінген декларацияланбаған тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 180 шешіміне сәйкес анықталады.

      10. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу Кодекстің 77 және 88-баптарында белгіленген мерзімде жүргізіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Заңсыз өткізілген тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылған кезде, мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 39-тарауының ережелері қолданылады.

      13. Осы Қағидалар ЕАЭО аумағына әкелуге тыйым салынған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымға тыйым салынған заңсыз өткізілген тауарларға қолданылмайды.".

      2. "Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 235-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 547 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 162 бұйрығымен
бекітілген

Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 235-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға мүмкіндік болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру тәртібін анықтайды.

      2. Тауарларды алушының үй-жайлары, қоймалары, ашық алаңдары және өзге де аумақтары, тауарларды тиеу және түсіру орны кеден қоймалары болып табылмайтын орындар болып табылады.

2-тарау. Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру тәртібі

      3. Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін, тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлға мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы) өтініш береді.

      Еркін нысандағы өтініш кеден қоймасының кедендік рәсімімен тауарларға арналған декларация берілгенге дейін беріледі.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осындай рұқсатты алу қажеттілігін растайтын техникалық құжаттама (бұйымның паспорты, техникалық сипаттамасы);

      2) Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың тіркелген қамтамасыз етуі;

      3) мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағындағы кеден қоймаларының иелерінен өз аумағында осындай тауарларды орналастырудың мүмкін болмауы туралы растау (қоймалардың, аумақтардың мөлшері туралы мәліметтер);

      4) географиялық координаттарын көрсете отырып, сақтау орны.

      4. Құжаттарды қабылдауға жауапты мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және қабылданғаны туралы мөр табан басылуымен өтінішті (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Портал арқылы жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдауы келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тіркеуді жүргізеді.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде құжаттарды өңдеуге жауапты уәкілетті тұлға өтініш тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тауарларды иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығы бар тұлғаға жазбаша түрінде рұқсат береді.

      6. Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған кезде және (немесе) мемлекеттік кірістер органы қызметінің өңірде габариттері үлкен және тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларындағы тауарларды сақтауға арналған кеден қоймалары болған кезде мемлекеттік кірістер органы жазбаша түрінде өтініш тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рұқсат беруден бас тартады.

      7. Рұқсат алғаннан кейін тауарларға арналған декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

      Тауарлар рұқсатта көрсетілген орындарда, оларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырғаннан кейін рұқсат алған тұлға Кодекстің 25-тарауының нормаларын басшылыққа алады.

3-тарау. Уәкілетті тұлғаның шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі

      8. Тауарларды иеленуге, пайдалануға немесе оларға билік етуге құқығы бар тұлға өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады