"Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысының жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32606 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген) мынадай нормалардың:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларында:

      11-тармақты тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып, осы тармақтың:

      "11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банкке жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 30 (отызыншы) сәуірге дейінгі (қоса алғанда) мерзімде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес аудиторлық ұйым растаған, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есепті, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепті қамтитын зейнетақы активтері бойынша жылдық қаржылық есептілікті электрондық форматта ұсынады.";

      16-тармақтың 2) тармақшасының бесінші және жетінші абзацтарының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшибаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады