Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32664 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
2023 жылғы "____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 527 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің (бұдан әрі – ҚР ҚК МӘТМ) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ҚР ҚК МӘТМ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін айқындайды.

      2. ҚР ҚК МӘТМ ақылы негізде мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынады:

      1) ҚР ҚК МӘТМ ашық далада әскери техника павильонын қоса алғанда, экспозициялық алаңды фото, бейнетүсірілімді, кинофильм (деректі және көркем фильм) түсіруді ұйымдастыру, театрландырылған қойылым, фотосессияны, имидждік, оның ішінде шынайылықпен жанасқан бейнеролик жасау үшін;

      2) жоғары оқу орындарының студенттеріне, кино және телевидение қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ әртүрлі фото және бейне өнім жасау кезінде консультант ретінде қатысуды, сұхбат беруді және телебағдарламаны түсіріп жазуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдарға білікті ғылыми консультация беру;

      3) ҚР ҚК МӘТМ залдарының тақырыптары бойынша дәрістік іс-шараларды, көшпелі дәрістерді жүзеге асыру;

      4) көшпелі көрме ұйымдастыру және өткізу;

      5) музейге экскурсиямен және экскурсиясыз кіргізу;

      6) экспонаттарды фото, бейнетүсіру, құжаттардың көшірмесін жасау;

      7) авторлық құқық иесiнiң рұқсатымен экспонаттың, қару-жарақтың реконструкциясын, макеттің көшірмесін және мұрағаттық құжаттардың көшiрмесiн жасау;

      8) кәдесый және баспа өнімдерін жасау және өткізу;

      9) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ведомстволық тиісілігі жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтінімі бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу және мұражайлық экспозиция жасау;

      10) оқу студиясын және үйірме, әртүрлі бейіндегі шеберхана, мұражайлық педагогика мен квест ұйымдастыру.

      3. Заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде, жеке тұлғаларға өткізілген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлуге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қолма-қол ақшаны қабылдау ҚР ҚК МӘТМ-нің кассасы арқылы, сондай-ақ ақылы қызметтер шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

      6. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайту;

      2) жабдық пен мүлік (оның ішінде жиһаз) сатып алу;

      3) экспонаттар мен мұражайлық құндылықтар сатып алу;

      4) мұражайлық құндылықтарды сақтау және реставрациялау;

      5) ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, экскурсиялық мәтіндерді түзету және аудару;

      6) шаруашылық шығыс (байланыс қызметіне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу, тауарларды сатып алуға арналған басқа да шығыс, жабдық пен техниканы пайдалану шығысы);

      7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша үй-жайларды, көлік пен жабдықты жалға алу, білім беру үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алу;

      8) ғимараттар мен құрылысты реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ ғимараттарды күтіп-ұстау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде ғылыми зерттеуге, тағылымдамадан өтуге, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, оның ішінде халықаралық конференцияға қатысуға байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысы, сондай-ақ Қазақстан және шет мемлекеттер музейінің мамандарымен бірлескен жұмыс;

      10) оқу семинарын, тренинг, конференция өткізу, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру;

      11) Қазақстан Республикасында және шетелде экспозициялық-көрме қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердің көрмесін өткізу және ұйымдастыру;

      12) көрме, семинар, конференция, оның ішінде халықаралық конференция, дөңгелек үстел, конкурс шеңберінде кофе-брейк өткізу, кәдесыйлар сатып алу, ақшалай сыйақы беру;

      13) банктік көрсетілетін қызметтер;

      14) қызмет көрсету үшін тартылған мамандардың еңбегіне ақы төлеу;

      15) қосымша төлем, үстемеақы, сыйлықақы және басқа да ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеу.

      7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін және қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы қызмет шоты) аударылатын ақшаның түсуiн және жұмсалуын есепке алу "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады