Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 маусымда № 32703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алты ай мерзімге мыналарға сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін:

      60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты мөлшерінде тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;

      120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.

      2. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 5 маусымдағы
№ 216 бұйрығымен
бекітілген

Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, оның ішінде тектік әлеуеті жоғары жануарлардың өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) бордақылау алаңы – мамандандырылған алаңы бар және одан әрі бордақылау үшін ірі қара малдың/ұсақ малдың еркек дарақтарын сатып алуды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі.

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында жануарларды карантиндеудің басталуы және 12 айдан асқан бұқашықтарды (СЭҚ ТН коды 0102) және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды (СЭҚ ТН коды 0104) (бұдан әрі – тауар) әкетуге квоталар бөлу туралы хабарландыру орналастырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2023 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қоюға арналған сандық лимит;

      2) тауарларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына және бір тауар өндірушіге арналған лимит;

      3) жануарларды карантинге қоюдың және квоталар бөлудің басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      4) жануарларды карантинге қоюдың және квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2023 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) дерекқорында "Карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қоюға сандық шектеу, e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі – БАБЖ АЖ) – осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес 12 айдан асқан бұқашықтарды және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге ветеринариялық сертификаттар беруге сандық шектеу қалыптастырылады.

      Белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2023 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

      6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде:

      бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;

      тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2023 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 4000 (төрт мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.

      Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2023 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жануарларды карантиндеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      9. Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесін алғаннан кейін өтініш берушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) жүгінеді және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      10. Ветеринариялық ұйымның қызметкері өтінім келіп түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы оның көшірмесіне қойылған белгі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      11. Ветеринариялық ұйым екі жұмыс күні ішінде:

      1) өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

      2) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде өтінімдегі мәліметтерді АШЖБ-ға енгізеді және жануарларды "Карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы карантинге қояды;

      өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіге себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.

      Ветеринариялық ұйым жануарларды карантиндеуге арналған өтінімдерді келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілікке қояды.

      12. Жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғаннан кейін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квоталар санын бөлу жүзеге асырылады.

      Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге квоталар санын бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификаттар беру кезінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар) бекіткен тізім негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары ветеринарлық сертификаттарды берген кезде БАБЖ АД-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар санын бөлу тауарлардың әрбір түріне арналған квоталар саны толығымен таусылғанға дейін жүзеге асырылады, одан кейін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ветеринариялық-санитариялық құжатты беруден бас тартады.

      13. Уәкілетті орган уәкілетті органның интернет-ресурсында квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген санын көрсете отырып, әкетуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.

      14. Ветеринариялық ұйымның, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жануарларды карантинге қою және квоталар бөлу мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағым жасалады.

  Сандық шектеулерді
(квоталарды) бөлу қағидаларына
қосымша
  Нысан

      Кімге ______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органы ауданда, облыстық маңызы бар қалада құрған

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы)

      кімнен _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орналасқан жері (заңды мекенжайы) __________________________

Өтінім

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.06.2023 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АШЖБ) жөніндегі дерекқорға квота алуға және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған жануарларды карантинге қою туралы мәліметтерді енгізуді сұраймын.

      Қызмет түрі (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе бордақылау алаңы) _______________________________________________

Р/с№

Өтініш беруші қызметінің түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды)

Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің есепке алу нөмірі

Жануарлардың түрі

Карантинге қою үшін сұратылған мал саны (бас)

АШЖБ сәйкес жануарлардың жеке нөмірлері

1.




12 айдан асқан бұқашықтар



2.




6 айдан асқан еркек тоқтылар



      Бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан жүзеге асырылатыны, қауіп қатерге және мүлікке жауапкершілік артатыны туралы хабардармын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптымын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші: __________________________________ _____________

      (басшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

      Өтінім беру күні мен уақыты: 20__ жылғы "____" _______ ____ сағат ___ минут

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады