"Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32727 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

      3) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 749-бабының және 750-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112 және 325-баптарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      6) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету;";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге заң консультанттары көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру;

      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету.

      3) Қазақстан Республикасының ӘРПК 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету";

      4) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету";

      5-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:";

      1) тармақшасының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;";

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамадардың) қаулылары, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша соттардың ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберінде адвокаттар тағайындау туралы қаулылары;";

      4-тармақшасының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың ұйғарымы, заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары туралы конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі ұйғарымдары, оларда:";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.";

      7-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай реакцияда жазылсын:

      "2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;";

      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сотқа дейін тергеп-тексеру немесе қылмыстық істің сотқа түсуінен кейін, бірақ істің басты сот талқылауында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралуына дейін, оның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамды тұтқындау қаулысымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) - тармақшасымен толықтырылсын:

      "3-1) істің басты сот талқылауында қаралуына дейін азаматтық не әкімшілік істің материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;";

      "3-2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның конституциялық іс жүргізу шеңберінде хаттамасымен танысу;";

      10-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық, әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсетуге ақы төлеу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу шеңберіндегі қаулысы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:

      1 минуттан 1 сағатқа дейін төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.

      Екі сағаттан асқан жағдайда төлем ақы сағаттардан және минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      1 сағат шегінде көрсетілген мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.

      1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініш жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта жолдайды.";

      15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "15.Заң консультантының бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта құжаттарды қоса бере отырып жасалады:";

      1) тармақшасының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі негізінде жасақталған заң консультантының құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:";

      1) тармақшасының алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;";

      жетінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң консультанттың қолтаңбасы;";

      сегізінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолтаңбасы көрсетіледі;";

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша заң консультантын тағайындау туралы соттардың ұйғарымдары, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі заң консультантты тағайындау туралы қаулылары;";

      3-тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі туралы ұйғарымдары, оларда:";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2),3),4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.";

      17-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) істі басты сот отырысында қаралуына дейін азаматтық немесе әкімшілік іспен, конституциялық іс жүргізу шеңберінде материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;";

      19-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі қаулысы, заң консультанттың өтініші негізінде заң консултантының өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ол шығарылған күні электрондық құжат нысанында жолданады";

      Мынадай мазмұндағы 19-1) тармақпен толықтырылсын:

      "Заң консультанттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:

      1 минуттан 1 сағатқа дейін, төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағаттан астам 1 сағат 30 минутқа дейін, төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін, төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.

      Екі сағаттан асқан кезде төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      1 сағат шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы екі және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.

      1 сағаттан 1 сағат 30 минуттан асқанға дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша заң консультанты мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы өтініш жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта жолдайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кейін келіп түскен өтініштер бойынша заң консультанттарына төлеуге жататын қаражатты қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.";

      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Конституциялық Соты

      __________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 361
  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу
және құқықтық консультация
беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру
рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстарды
өтеу Қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ___________________________

      (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ №

Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

Заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар,минуттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету







2.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





3.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





4.

Соттарда қылмыстық істер бойынша айыпталушының, сотталушының қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





5.

Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





6.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету






7.

Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы






Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы





8.

Әкімшілік істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы






9.

Конституциялық іс жүргізу бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы






10.

Барлығы






10.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 361
  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу
және құқықтық консультация
беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру
рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстарды
өтеу Қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ӨТІНІШІ _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ___________________________

      (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ №

Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

Заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар,минуттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету







2.

Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы






3.

Әкімшілік істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы






4.

Конституциялық іс жүргізу бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы












5.

Барлығы






6.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады