Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32833 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 16 маусымдағы
№ 115 бұйрығымен
бекітілген

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет пайдаланбайтын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылысжайларды, көлік құралдары мен жабдықтарды және ғимараттар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі енгізетін ақша сомасы;

      2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

      3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңы мен өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;

      4) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;

      5) мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) –www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      6) объектілер – мемлекеттік меншіктегі, мемлекет мақсаты бойынша бір жылдан астам уақыт пайдаланбайтын және жекешелендіру нәтижесі бойынша өткізілмеген ғимараттар, құрылысжайлар және олардың алып жатқан жер учаскелері, көлік құралдары мен жабдықтар;

      7) тендер – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган), әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенетін, мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектілерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

      8) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      9) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік мүлiктi мүлiктiк жалға (жалдауға) тапсыру не кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқаруға беру жекешелендірудің алдын ала жүргізілетін сатылары болып танылады.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін бір жылдан астам пайдаланылмайтын объект кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен бір жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.

      Сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, оны жасасқан кезден бастап бір жыл өткеннен кейін өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік меншік объектілері және олар алып жатқан жер учаскелері оларға өтеусіз меншікке беріледі.

      4. Мемлекет бір жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланбаған мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң (бұдан әрi – ұйымдар) объектілері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Объектiлердi шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейіннен меншiкке өтеусiз бере отырып, бiр жыл мерзiмге тендерлік негiзде мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз берумен мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерінің және олардың алып жатқан жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру

      5. Тендерге шығарылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет мақсаты бойынша бір жылдан астам пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын бақылау нәтижесі бойынша анықталған мемлекеттік меншіктегі мүлік қатарынан:

      1) республикалық мемлекеттік меншікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;

      2) коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты – жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.

      6. Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерді тендерге шығару мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілерді тендерге шығару жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде веб-порталға мынадай ақпаратты:

      1) атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, мақсаты көрсетілген объект туралы мәліметтерді;

      2) объектінің меншік иесі және теңгерім ұстаушысы туралы мәліметтерді (пошталық мекенжайын, телефонын, электрондық поштасын) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      8. Қалыптастырылған тізбенің негізінде Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органдар) тендерлерді өткізу графигін жасайды.

      9. Ұйымдар объектілердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейінгі сақталуын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз берумен мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілері және олардың алып жатқан жер учаскелері бойынша тендер өткізуге дайындық

      10. Тендерді дайындау және өткізу кезінде Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

      1) тендерлік комиссия құрады;

      2) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай шарттың түрін (мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару) айқындайды;

      3) тендерлік комиссия әзiрлеген тендер шарттары негiзiнде тендер өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;

      4) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды;

      5) тендерлік құжаттаманы дайындайды;

      6) веб-порталда тендердің өткізілетіні туралы хабарлама жариялайды;

      7) шарт жобасын дайындауды жүзеге асырады;

      8) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      9) тендерлік комиссия отырысының хаттамаларына қол қояды;

      10) тендер жеңімпазымен шарт жасасуды қамтамасыз етеді.

      11. Тендерлік құжаттамада мыналар:

      1) тендер объектісінің нысаналы мақсатын көрсете отырып, ол туралы мәліметтер;

      2) өтінімнің мазмұнына және онымен бірге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар;

      3) тендердің талаптары;

      4) тендер өткiзу тәртiбi;

      5) шарт жобасы қамтылады.

      12. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) тендерді ұйымдастырушы болып табылады.

      13. Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендерлік комиссияның құрамына Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның, теңгерім ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аумақтық бөлімшесінің өкілдері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендерлік комиссияның төрағасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган өкілі болып табылады.

      Коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендерлік комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, теңгерім ұстаушының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендерлік комиссияның төрағасы жергілікті атқарушы органның өкілі болып табылады.

      Тендерлік комиссияның құрамын Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) бекітеді.

      Тендерлік комиссияның хатшысы Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілі болып табылады және тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды. Тендерлік комиссияның хатшысы тендер өткiзiлетін күнi веб-порталда тендердің нәтижелерi туралы хаттаманы қалыптастырады және оны тендерлік комиссия мүшелерiнің дауыс беру рәсiмiнен кейiн жариялайды.

      14. Тендерлік комиссия мынадай:

      1) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) белгілеген мерзімде кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде және объект туралы өзі ұсынған деректердің негізінде тендер талаптарын әзірлеу және Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ға (жергілікті атқарушы орган) ұсыну;

      2) веб-порталда тендер өткізу функцияларын жүзеге асырады.

      15. Объектіге байланысты тендердің талаптары мыналарға:

      1) объектіге салынған инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;

      2) табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге;

      3) бар жұмыс орындарын сақтауға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;

      4) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;

      5) объектінің қарыздарын белгіленген мерзімде өтеуге;

      6) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты мәмілелер жасауға және/немесе белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға;

      7) объектіні сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын салық міндеттемелеріне;

      8) осы объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi іс-шараларға қатысты жеңімпаздың міндеттемелері болып табылады.

      16. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергiлiктi атқарушы орган) веб-порталда тендердің өткізілетіні туралы хабарламаның ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      17. Тендердің өткізілетіні туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның немесе оның аумақтық бөлімшесінің (жергілікті атқарушы органның) атауын;

      2) осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес тендерлік комиссия айқындайтын тендер өткізу шарттарын;

      3) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

      4) тендерді өткізудің басталуы күнін, уақытын;

      5) тендерге қатысуға өтінімді қабылдау мерзімін;

      6) кепілдік жарнаның мөлшерін, оны енгізу мерзімдері мен банк деректемелерін;

      7) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін;

      8) тендер объектісімен таныстыру мекенжайын, мерзімдерін және шарттарын қамтиды.

      18. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның (жергілікті атқарушы органның) шотына аударады. және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.

4-тарау. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз берумен мемлекеттік меншік және олардың алып жатқан жер учаскелері бойынша тендер өткізу

      19. Веб-порталда тендерге қатысушыларды тіркеу тендердің өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткізілгенге дейін екі сағат бұрын аяқталады.

      20. Тендердің өткізілуі туралы хабарлама жарияланғаннан кейін Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қатысушы болуға ниет білдірушілерге объект туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді, ал теңгерім ұстаушы объектіні қарап-тексеруге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      21. Тендерге қатысу үшін қатысушы веб-порталда мыналарды:

      1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), заңды тұлғаның толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, e-mail) көрсете отырып алдын ала тіркелуге тиіс.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы веб-порталға енгізілген деректерді бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      22. Қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға өтінімді веб-порталда тіркеу қажет.

      23. Қатысушылар веб-порталдың арнайы бөлінген парағында электрондық конвертке жүктелетін тендер шарттарына келісуді және баға ұсынысын (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) қамтитын тендерге қатысуға өтінімді тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын мына құжаттардың:

      1) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;

      2) өтінішхат берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнгі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік теңгерімін (болған жағдайда);

      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар тізбесінің электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.

      24. Қатысушылардың тендерге қатысуға өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері веб-порталдың дерекқорында сақталады және тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеп алуға және қарауға қолжетімсіз болады.

      25. Қатысушының осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

      26. Веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны туралы электрондық хабарламаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептерін жібереді.

      27. Қатысушылар тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарна төлейді.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға төлейді.

      Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді.

      Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде тендерге қатысу үшін кепілдік жарнаны тендерлік комиссия мүліктік жалға (жалдауға) берілген объект үшін ай сайынғы жалдау төлемі мөлшерінде белгілейді.

      Объект сенімгерлік басқаруға берілген кезде тендерлік комиссия оның теңгерімдік құнының үш пайызы мөлшерінде тендерге қатысуға арналған кепілдік жарна белгілейді.

      28. Кепiлдiк жарна тендер жеңiмпазының мынадай:

      1) тендерде жеңiске жеткен жағдайда тендердің нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;

      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.

      29. Жеңімпаз тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор жеңімпазға кепілдік жарнаны қайтармайды.

      Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, өзге жағдайларда, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тендерге қатысушы өтінімде көрсеткен деректемелерге тендер өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарналарды қайтарады.

      30. Тендерлік комиссия тендер талаптарын өзгерткен жағдайда, өзгерістер туралы хабарлама тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік бес күн бұрын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Веб-портал веб-порталда көрсетілген әрбір қатысушының электрондық мекенжайына тендер талаптарының өзгергені туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Тендер талаптары өзгерген жағдайда, тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік жеті күн мерзімге ұзартылады.

      Тендерге қатысуға өтінімдерді тендер талаптарындағы өзгерістер туралы хабарлама жарияланғанға дейін берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға кепілдік жарна жазбаша өтінім негізінде қайтарылады.

      31. Кепілдік жарна әрбір объект бойынша жеке төленеді.

      32. Қатысушылардың:

      1) тендерге өзі немесе сенімхат негізінде өз өкілдері арқылы қатысға;

      2) тендерге шығарылатын объект бойынша қосымша мәліметті, оның ішінде қажет болған жағдайда объектіні алдын ала тексеру арқылы алуға;

      3) тендер басталғанға дейін кемінде күнтізбелік бір күн бұрын бұл туралы Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ға (жергілікті атқарушы органға) хабарлай отырып, тендерге қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.

      33. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi аяқталатын кезде тiркелген өтiнiм бiрден артық болмаса (екiншi және одан кейiнгi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпеген болып танылады.

      Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған кезде кемінде бір тіркелген өтінім болса, екінші және одан кейінгі тендерлер өткен болып танылады.

      Егер тендер өтпеді деп танылса, тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүргізілмейді және тендер өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күннен кейін жиырма төрт сағат ішінде Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) веб-порталда қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге ЭСҚ арқылы қол қояды.

      34. Веб-порталдағы тендер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 13:00-ге дейін өткізіледі.

      Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт басталған соң веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      35. Тендерге қатысуға өтінімдерді тендерлік комиссияның мүшелері тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қарайды.

      36. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру жөнiндегi тендерді өткiзу кезiнде объект үшін неғұрлым жоғары жалдау төлемақысын ұсынған және тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сәйкес келетiн тендерге қатысушы тендердiң жеңiмпазы болып танылады.

      Қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда, сауда және делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметте және халыққа қызмет көрсетуде жұмыс тәжірибесі көп қатысушы жеңімпаз болып танылады. Жалдау төлемақысы тең бірнеше қатысушының жұмыс тәжірибесі сәйкес келген жағдайда, тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркелген қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiндегi тендерді өткiзу кезiнде тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін, ең жақсы жағдайларды ұсынған қатысушы тендер жеңiмпазы болып болып танылады.

5-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу

      37. Тендердің нтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:

      1) тендерлік комиссияның құрамы;

      2) тендердің талаптары;

      3) объект туралы мәліметтер;

      4) қатысушылар және олардың ұсыныстары туралы мәліметтер;

      5) тендердің жеңімпазы туралы мәліметтер;

      6) тараптардың шартқа қол қою жөніндегі міндеттемелері қамтылады.

      38. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерiн және жеңiмпаз бен Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның (жергiлiктi атқарушы органның) тендердің нәтижесi болып табылатын талаптарда шартқа қол қою бойынша мiндеттемелерiн тіркейтін құжат болып табылады.

      39. Жеңімпаз Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ға (жергілікті атқарушы органға) шартқа қол қою кезінде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысуға өтінімге қоса берілген құжаттардың:

      1) заңды тұлғалар үшiн: заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктің, үлгiлік болып табылмайтын жарғының (егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметiн үлгілік жарғы негiзiнде жүзеге асыру туралы шешiм қабылдаса, жарғыны ұсыну талап етілмейді);

      2) жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін);

      3) заңды тұлғаның өкілі үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.

      40. Тендердің нәижелері туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпаздың ұсыныстарына жауап беретін талаптарда жеңiмпазбен шартқа қол қойылды.

      Шарт мынадай ережелерді:

      1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiне ұсынылатын объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректерді;

      2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы жасау тәртібі мен мерзімдерін (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде);

      3) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның (жергілікті атқарушы органның) және бизнес-жоспарға сәйкес қабылдаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттерін (объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде);

      4) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның (жергілікті атқарушы органның) және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттерін (мүліктік жалға (жалдауға) берілген жағдайда);

      5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандарын;

      6) шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздері мен талаптарын қамтиды.

      Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ның немесе оның аумақтық бөлімшесінің (жергілікті атқарушы органның) басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам жеңімпазбен шарт жасайды және ол ол веб-порталда тіркелуге тиіс.

      41. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) жаңа тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.

      42. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 52 және 66-баптарына сәйкес ғимараттар (құрылысжайлар, құрылыстар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, аталған ғимараттар (құрылысжайлар, құрылыстар) алып жатқан және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі бірге беріледі.

      43. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде теңгерім ұстаушы мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні тендер жеңімпазына береді.

      Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) оларға сәйкес өкілдерге тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) оған сәйкес объект берілген шарттың нөмірі мен қол қойылу күні;

      4) берілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, анықталған ақаулардың тізбесімен бірге техникалық сипаттамалары мен жай-күйі көрсетіледі.

      Ғимараттар мен құрылыстарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiк басқару (кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған) шарты мемлекеттiк тiркеуге жатады және осындай тiркеу кезiнен бастап жасалған болып саналады.

      44. Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазына енгiзiлген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектiсiн пайдаланғаны үшiн төлем есебiне есептеледi.

  Өндірістік қызметті
ұйымдастыру және халыққа
қызметтер көрсету саласын
дамыту үшін мемлекеттік
меншіктің пайдаланылмайтын
объектілерін және олардың алып
жатқан жер учаскелерін
кейіннен меншікке өтеусіз бере
отырып, шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
мүліктік жалға (жалдауға)
немесе сенімгерлік басқаруға
беру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға арналған ӨТІНІМ

      1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап және өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысып,_______________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде

      әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында

      20____жылғы "___"_______өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай

      оператордың шотына жалпы сомасы (________________________________) теңге

      (цифрмен) (сомасын жазу)

      _________________ кепілдік жарна (жарналарды) енгіздім (к).

      Кепілдік жарна енгізілген объектілер туралы мәліметтер:

Р/с

Объектінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарна сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с

Кепілдік жарнаны тағайындау және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес емес екенім (-із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).

      4. Мен (біз) тендер жеңімпаз (-дары) ы деп танылған жағдайда, өзіме (өзімізге) тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-ыз).

      5. Мынадай:

      1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде мүлiктiк жалға алу (жалдау) не сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына келісемін (-із).

      6. Осы өтінімнің тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүлiктiк жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шарты жасалғанға дейін қолданыста болатын шарт күші бар.

      7. Өзім туралы мынадай мәліметтерді беремін (-із):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      Банк атауы ________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) _______________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________________

      3) ________________________________________________________________________

      4) ____________________________________________________________қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _______________________________________

      ЖСН _____________________________________________________________________

      Паспорт деректері __________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК ____________________________________________________________________

      БСК _____________________________________________________________________

      Банк атауы ________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) _______________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)_____________________________________________________________қоса беріледі.

      __________________________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе

      заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат

      негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ ж. "___" _________.

      Мөр орны (болған жағдайда).

      Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында

      20__ ж. "___"_____________ _____ сағат ___ минутта қабылданды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады