Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32862 болып тіркелді

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 225 бұйрығымен
бекітілген

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

      1. Өндірілетін тауарлар:

      1) төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар;

      2) мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар;

      3) мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюмі, аккумуляторшы костюмі, жұмыс комбинезоны;

      4) аспаз костюмі, наубайшы костюмі, қалпақтар;

      5) халаттар, алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе;

      6) пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шылғаулар, ішкі жейделер, жейделер;

      7) үшкіл орамалдар, беторамал, жаға астары, қолғаптар;

      8) перделер, шымылдықтар, қаптар;

      9) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;

      10) орайтын қораптар, архив қораптары;

      11) ағаш бұйымдар;

      12) жиһаз.

      2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар:

      1) тифлотехникалық құралдар;

      2) жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар;

      3) міндетті гигиеналық құралдар.

      3. Орындалатын жұмыстар:

      көгалдандыру.

      4. Көрсетілетін қызметтер:

      1) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;

      2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету;

      3) мүгедектігі бар адамдардың демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;

      4) орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер;

      5) абаттандыру, көгалдандыру;

      6) полиграфиялық көрсетілетін қызметтер;

      7) кір жуу қызметтері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады