Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 22 маусымдағы № 243-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 маусымда № 32891 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
К. Балыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 243-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

      Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне мынадай талаптар қойылады:

      1. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптар:

      1) тауарларға таңбалау кодтарын беру арқылы сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауардың әрбір бірлігін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

      Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен тауарға немесе тұтыну қаптамасына немесе айналымнан шығарылмаған материалдық тасығышқа жазылған кодты қайта сериялауға жол берілмейді;

      2) тауарды таңбалау кодын рұқсатсыз генерациялаудан, көшіруден, жаппай көшіруден және қолдан жасаудың басқа да әдістерінен қорғауды қамтамасыз ету;

      3) сәйкестендіру құралдарын, оның ішінде таңбалау кодтарының мәртебесін өзгерту жолымен автоматтандырылған есепке алуды қамтамасыз ету;

      4) тауар қаптамасын агрегациялаудың барлық деңгейлерін сәйкестендіру құралдарының өзара байланысты есебін қамтамасыз ету (тұтыну, топтық, көлік);

      5) салық төлеушілердің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасын тиісінше орындауын қамтамасыз ету;

      6) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін салалық уәкілетті мемлекеттік органға мәліметтерді уақтылы және толық көлемде ұсынуды қамтамасыз ету;

      7) анықталған бұзушылық туралы хабарлама жіберу мүмкіндігімен мобильді қосымша арқылы тауарларды таңбалау және тауарға салынған сәйкестендіру құралының түпнұсқалығын тексеру саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

      Тауарға салынған сәйкестендіру құралының түпнұсқалығын, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін тексеру кезінде тауар туралы ақпарат көрсетіледі, ол оны кем дегенде келесі мәліметтер жиынтығымен сипаттайды: сауда атауы, өндіруші, импорттаушы, өндіріс күні (егер көзделсе), тауардың жарамдылық мерзімі;

      8) таңбалаудың ақпараттық жүйесі нәтижелерінің түпнұсқалылығын және тауарлардың қадағалануын бағалау;

      9) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде тауар айналымының барлық қатысушыларын тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;

      10) таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын тауар айналымына қатысушылар арасында олардың қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында электрондық ілеспе құжаттарды қалыптастыру, өңдеу және алмасу;

      11) хаттамалар мен электрондық өзара іс-қимыл интерфейстерін пайдалана отырып, ақпараттық электрондық сервистер арқылы тауар айналымына қатысушылардың ақпараттық жүйелерімен деректер алмасу;

      12) Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы трансшекаралық сауда шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ету;

      13) таңбаланған тауарды өткізу туралы мәліметтерді алу бөлігінде Қазақстан Республикасының фискалдық деректерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету;

      14) осындай тауарлардың иесі болып табылатын тауар айналымына қатысушылар үшін таңбаланған тауарлардың статистикалық және талдамалық ақпаратын қалыптастыру;

      15) одан әрі талдау, болжау және шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында талдамалық жүйелер үшін жинақталған деректерді құрастыру және ұсыну мүмкіндігін қатамасыз ету;

      16) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасын оларды сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде құжат айналымын қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкіндігін іске асырады;

      17) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі енгізілетін деректердің сапасын тексеру үшін автоматтандырылған форматтық-логикалық бақылау тетігін іске асырады;

      18) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде пайдаланушы операцияларын орындауға арналған Веб-қосымшаны іске асырады;

      19) пайдаланушылардың интерфейс тілін таңдау мүмкіндігін іске асыру үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен қазақ және орыс тілдерін қолдау қамтамасыз етіледі;

      20) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен анықтамалықтарды, тізілімдер мен сыныптауыштарды қоса алғанда, тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіне қатысушылар пайдаланатын және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіндегі нормативтік-анықтамалық ақпараттың қадағалануының бірлігі қамтамасыз етіледі;

      21) тауарлар туралы мәліметтерді сұрату кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен жауап беру уақыты 15 (он бес) секундтан аспайды;

      22) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі жүйені кемінде 1 (бір) миллион пайдаланушы бір мезгілде пайдалануды қамтамасыз етеді;

      23) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі пайдаланушының компьютерінің күнін, уақытын, IP-мекенжайын көрсете отырып, ақпараттық жүйе пайдаланушыларының іс-әрекеттерін тіркеуді қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      2. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграцияланатын өзара іс-қимылына қойылатын талаптар.

      Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі мемлекеттік ақпараттық ресурстармен, оның ішінде "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы сыртқы ақпараттық жүйелерден:

      жеке кәсіпкерлер тізілімі;

      ұлттық куәландырушы орталығының мәліметтерін бастапқы қабылдау және мерзімді өзектендіру бөлігінде интеграцияланатын өзара іс-қимылды іске асырады.

      Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстарымен, оның ішінде "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы таңбаланған тауарлар туралы ақпаратты беру және (немесе) алу бөлігінде:

      салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсатында таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен;

      жекелеген тауар топтары бойынша салалық уәкілетті органдарды таңбалаудың және қадағалаудың ақпараттық жүйелерімен (қажет болған жағдайда) интеграцияланатын өзара іс-қимылды іске асырады.

      3. Деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуына қойылатын талаптар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады