Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 маусымда № 32911 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 707 бұйрықпен
бекітілген

Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 8-1-тармағына сәйкес әзірленді және ақылы негізде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ЭКЖ) пайдалана отырып, автомобиль өткізу пункттері (бұдан әрі – өткізу пункті) арқылы Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемшекара) арқылы өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімші кабинеті – өткізу пунктінің аумағында көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың нақты уақыт режимінде қозғалысын қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) лауазымды адамдарының ЭКЖ-дағы арнайы жеке кабинеті;

      2) брондау – өткізу пунктіне белгіленген күнде және уақытта келу және кіру үшін жеке немесе заңды тұлғаны және оның көлік құралын ЭКЖ тіркеу процесі;

      3) есепке алу жазбасы – ЭКЖ пайдаланушының логині/паролі;

      4) күту аймағы – өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілетін негізге ала отырып айқындалатын сыйымдылығымен өткізу пунктіне тікелей жақын орналасқан және ЭКЖ-да тіркелген көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы жабдықталған алаң;

      5) пайдаланушы – ЭКЖ пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) ЭКЖ тіркеуші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, ЭКЖ жұмысын басқаруды жүзеге асыратын және ЭКЖ жұмыс істеуін, оған қол жеткізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      7) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі – Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру уақытын брондауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

      3. ЭКЖ-да кезекті брондау ЭКЖ тіркеушісі ерікті негізде көлік құралдарына, оның ішінде тіркемелермен, тартқыштарға қатысты жүк автомобиль иелерімен немесе жүргізушілерімен пайдаланушы келісімін жасасқан жағдайда жүзеге асырылады.

      Жеңіл автомобильдер мен автобустар бойынша ЭКЖ кезекті брондау талап етілмейді.

      4. ЭКЖ пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан шығу кезінде көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың, сондай-ақ көрсетілген көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды алып жүретін адамдардың өткізу пунктінің аумағына кіру мониторингін МКО әкімшінің кабинеті арқылы жүзеге асырады.

      5. ЭКЖ пайдалана отырып, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемшекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған үкіметаралық келісімдері және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жануарларды, тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың мынадай санаттарына қатысты:

      1) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалып, тағайындалған пошта операторы – көлік құралдарының тізімін ЭКЖ тіркеушісіне алдын ала жіберген кезде;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 61-тарауына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар "Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16304 болып тіркелген) сәйкес белгілеген халықаралық тасымалы көлік құралдары – көлік құралдарының тізімін ЭКЖ тіркеушісіне алдын ала жіберген кезде;

      3) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бекітілген нысандар бойынша ресімділген тауарларға арналған декларация не транзиттік декларация, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттар болған кезде "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында айқындалған тауарлардың жекелеген санаттары;

      4) "Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өткізу үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) сәйкес Мемшекара арқылы кезектен тыс (жеделдетілген) өткізу үшін төлем жасаған тұлғалар (заңды, жеке) өткізу пунктінде ЭКЖ-да кезектен тыс (жеделдетілген) тәртіппен көлік құралдарының кіруін тіркеуді жүзеге асырады.

      Осы тармаққа сәйкес Мемшекара арқылы кезектен тыс (жеделдетілген) өткізуді брондау саны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭКЖ-да тиісті өткізу пунктінің нақты тәуліктік өткізу мүмкіндігінің 15 (он бес) пайызынан аспауға тиіс.

2-тарау. Ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тәртібі

Параграф 1. Ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану тәртібі

      7. ЭКЖ-ның жұмыс істеуі бағдарламалық-аппараттық кешенді білдіретін және автомобиль көлік құралдарының кіру уақытын брондауға арналған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

      8. ЭКЖ-ны пайдалана отырып, автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу кезінде инфрақұрылымды басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтың кемінде 5 (бес) сағат автономды жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті қуаттың үздіксіз қоректендіру көздері, инфрақұрылымның интернет желісіне қосылуын қамтамасыз ету үшін интернет-модем қолданылады.

      9. Өтіп бара жатқан көлік құралдарын фото/бейнетіркеу ЭКЖ тіркеушісі айқындайтын сипаттамаларға сәйкес ЭКЖ-мен интеграциясы бар стационарлық шолу бейнекамерасымен жүзеге асырылады.

      10. Автомобиль көлік құралдарының өткізу пунктіне кіруі және өткізу пунктінен шығуы және Мемшекарадан кесіп өтуі, өтіп бара жатқан көлік құралдарының фототіркелуін, тіркеу нөмірлерін одан әрі тануды және өңдеуді қамтамасыз ететін көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) оқу камерасын қолдана отырып жүзеге асырылады.

      Мемшекараны кесіп өткен автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін үздіксіз оқу, сақтау, тіркеу нөмірлерінің деректер базасын жүргізу, қорғалған интернет байланысы/байланыс арнасы арқылы ЭКЖ-мен интеграцияланған автомобиль көлік құралдарын электрондық есепке алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      11. Автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды ЭКЖ-ны пайдалана отырып өткізу кезінде автоматты шлагбаум немесе МКО-мен немесе МКО-ның пультімен интеграциялау арқылы ЭКЖ қолданысқа әкелетін басқа да тосқауыл құрылғылары қолданылады.

      12. ЭКЖ-да тіркелген және өткізу пунктіне/күту аймағына кіретін және/немесе өткізу пунктінен/күту аймағынан шығатын автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлері туралы ақпарат ақпараттық таблода көрсетіледі.

      13. ЭКЖ-нің үздіксіз жұмыс істеуін, оның күтіп ұстауды және сүйемелдеуді, сондай-ақ оны осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12 және 32-тармақтарында көрсетілген бейнекамераларға, шлагбаумдарға немесе басқа да тосқауыл құрылғыларына, ақпараттық таблоға қосуды ЭКЖ тіркеушісі жүзеге асырады.

      14. Осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12, 32 және 33-тармақтарда көрсетілген бейнекамераларды, шлагбаумдарды немесе басқа да тосқауыл құрылғыларды, ақпараттық таблоларды қолдану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тетіктерді қолдану жолымен айқындайтын заңды тұлға (тұлға лар) жүзеге асырады.

Параграф 2. Ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тіркеу, брондау және өткізу тәртібі

      15. ЭКЖ-да тіркеу (таңдау бойынша):

      1) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін және пайдаланылатын электрондық-цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып, ЭКЖ тіркеушісінің сайты арқылы;

      2) ЭКЖ тіркеушісінің мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

      ЭКЖ-да тіркелген кезде пайдаланушы келісіміне қол қойылады.

      16. Электрондық кезекті брондау мынадай әрекеттерді:

      1) ЭКЖ-да қажетті күн мен уақытты не бірінші бос уақытты және Мемшекараны кесіп өту үшін болжанатын өткізу пунктінің атауын таңдау;

      2) көлік құралы үшін сенімді жүргізушілердің санын айқындау;

      3) көлік құралы иесінің деректерін көрсету (резидент/резидент емес, заңды тұлға/жеке тұлға, ұйымның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), Қазақстан Республикасының резиденті үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), бейрезидент үшін – ЖСН/БСН болған кезде);

      4) жүргізушінің (жүргізушілердің) (резидент/резидент емес, ұйымның атауы немесе аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, телефоны, электрондық мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, құжатты берген елі, құжаттың нөмірі және оның қолданылу мерзімі) және көлік құралының (тіркелген елі, көліктің тіркеу нөмірі, тіркеме тіркеу нөмірі, көлік құралының/шассидің сәйкестендіру нөмірі) деректерін көрсету көздейді.

      Бұл ретте пайдаланушы ЭКЖ-да дербес деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге келісімін білдіреді.

      Қазақстан Республикасының резиденті – пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алу ЭКЖ-мен интеграцияланған дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті – пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алу заңнамаға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен, оның ішінде ЭКЖ тіркеушісімен Пайдаланушы келісіміне қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      17. ЭКЖ-да электрондық кезекті брондау пайдаланушылар енгізетін деректер мен мәліметтерді ЭКЖ-ны олардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен, осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйелерді жүргізуге уәкілеттік берілген ішкі істер, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, цифрлық дамыту, салықтық және кедендік әкімшілендіру, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы орталық атқарушы органдардың, ұлттық операторлар мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректерімен және мәліметтерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

      Интеграция Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, Электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. ЭКЖ:

      1) ЭКЖ-ның "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ЭКЖ пайдаланушының есепке алу жазбасының болуын;

      2) ЭКЖ-ның "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралын мемлекеттік тіркеудің болуын;

      3) ЭКЖ-ның "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралына тиісті санаты бар жүргізуші куәліктері бойынша мәліметтердің болуын;

      4) ЭКЖ-ның ішкі істер ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралын іздестіру туралы мәліметтердің болмауын;

      5) ЭКЖ-ның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жүргізушіні іздестіру туралы мәліметтердің болмауын;

      6) ЭКЖ-ның ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы техниканы тіркеудің болуын;

      7) ЭКЖ-ның "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасымен және (немесе) көліктік бақылау органдарының көліктік деректер базасы ақпараттық-талдау және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаттың (рұқсаттардың) болуын;

      8) сақтанушыны, сақтандырылушыны (жүргізушіні), пайда алушыны көрсете отырып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының (шарттарының), осындай шарттың қолданылу мерзімінің және ЭКЖ-ның Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы Мемшекарада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да деректердің болуын;

      9) ЭКЖ-ның салық төлеушінің кабинетімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы бюджетке төленетін міндетті төлемдер, оның ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық берешегінің болмауын;

      10) автомобиль көлік құралдарының иелері мен ЭКЖ пайдаланушыларында айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы уақытылы орындалмаған қаулылардың "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" деректер базасымен ЭКЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы болмауын;

      11) ЭКЖ-ның "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесінің "Цифрлық құжаттар" сервисімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы цифрлық құжаттардың, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің, көлік құралын иеленудің болуын;

      12) ЭКЖ-ның жеке басты биометриялық сәйкестендірудің ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жеке басты биометриялық сәйкестендірудің сәйкестігін;

      13) ЭКЖ-ның "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесінің "Мобильді азаматтар базасы" компонентімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы "Мобильді азаматтар базасында" тіркелген мәліметтердің жеке тұлғаның телефон нөмірімен сәйкестігін;

      14) ЭКЖ-ның Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру туралы мәліметтердің болуын;

      15) ЭКЖ-ның "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы ветеринариялық және/немесе фитосанитариялық сертификаттар туралы мәліметтердің болуын;

      16) ЭКЖ-ның "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тауарлар мен көлік құралдарына арналған кедендік декларациялардың және әкетілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы деректердің (экспорттың, кедендік транзиттің, кері экспорттың, уақытша әкелудің кедендік рәсімдеріне және тауарлар мен көлік құралдарын әкету немесе жеткізу мерзімін көздейтін басқа да кедендік рәсімдерге орналастырылған) болуын;

      17) ЭКЖ-ның Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) операторларының деректерімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы Қазақстан Республикасының ақылы жолдары бойынша берешектің болмауын;

      18) ЭКЖ-ның "Автомобиль көлігі туралы" және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған, көлік құралының жүріп-тұруы және өлшенуі туралы мәліметтердің, оның ішінде Мемшекарадағы өткізу пунктінде ЭКЖ-ның зияткерлік көлік жүйесімен және республикалық, жергілікті және қалалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп-тұруын тіркеудің басқа да жүйелерімен, автоматтандырылған өлшеу станциясымен және автомобиль көлік құралдарын өлшеу станциясымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы болуын автоматты түрде салыстыруды жүзеге асырады.

      19. ЭКЖ енгізілген ақпаратты:

      1) осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 4), 5), 8), 10), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларда көрсетілген деректерді автоматты түрде салыстыруды Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге қатысты жүзеге асырады;

      2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1)-9), 11)-16) және 18) тармақшаларда көрсетілген деректерді автоматты түрде салыстыруды Қазақстан Республикасының резиденттерге қатысты жүзеге асырады.

      ЭКЖ Осы Қағидалардың 18-тармағының 10) және 17) тармақшаларында көрсетілген деректер бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұлдың және/немесе ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жол жүргені үшін берешектің болуы туралы хабарлама жіберіледі.

      20. ЭКЖ осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, пайдаланушының енгізген деректерін автоматты салыстырудың оң нәтижелерінің қорытындылары бойынша пайдаланушыға күні мен болжамды уақытын (уақыт аралығын) көрсете отырып, Мемшекара арқылы шығу үшін бронның реттік нөмірін береді.

      Пайдаланушы ЭКЖ енгізген деректерді интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы растамаған кезде пайдаланушыға брон беруден бас тартады.

      ЭКЖ-да брондау, брон беруден бас тарту себептерін жойғаннан кейін жүргізіледі.

      21. ЭКЖ-да көлік құралының кіру күні мен уақытын брондау осы көлік құралы бойынша белсенді бронь болмаған кезде жүзеге асырылады.

      22. ЭКЖ-да ықтимал брондаулардың саны өткізу пунктінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып және күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге қалыптастырылады.

      23. Электрондық кезек бойынша автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды Мемшекара арқылы өтуі үшін ақы төлеуді пайдаланушы ЭКЖ тіркеушісінің есеп шотына қолма-қол ақшасыз тәсілмен ақша қаражатын енгізу жолымен жүзеге асырады.

      24. ЭКЖ тіркеушісі үш күн мерзімде пайдаланушыдан түскен ақшалай қаражатты мемлекеттік бюджет кірісіне аударады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Электрондық кезек бойынша автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемшекара арқылы өтуі үшін төлемақылардың мөлшері "Автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақылардың мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      26. Автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды ЭКЖ-ны пайдалана отырып, Мемшекара арқылы өткізу үшін төлемақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

      27. Пайдаланушының берешегі болған кезде, ЭКЖ тіркеушісі пайдаланушының есепке алу жазбасы бойынша брондау операцияларын жүргізуді дереу бұғаттайды. Қызмет көрсету пайдаланушы қарызды толық көлемде төлеген/өтегеннен кейін жаңартылады.

      28. Пайдаланушының кінәсі бойынша туындаған өткізу қызметін орындау мүмкін болмаған кезде (көлік құралының күту аймағына кіру күні мен уақытын брондағаннан кейін пайдаланушы өткізу қызметінен бас тартуы, ЭКЖ көлік құралының брондауын жою (бронды алып тастау), сондай-ақ ЭКЖ-да белгіленген күту аймағынан көлік құралының уақытылы кетпеуі және/немесе көлік құралының күту аймағынан өткізу пунктіне уақытылы келмеуі кезінде), өткізу қызметі толық көлемде төленуге тиіс, ал пайдаланушы төлеген ақша қаражаты қайтарылуға жатпайды.

      Бұрын брондалған кезекті ЭКЖ-да басқа күнге және Мемшекараны кесіп өту уақытын 2 (екі) ретке дейін ауыстыру ЭКЖ-ны пайдалана отырып, Мемшекара арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу қайта ақы төлемей жүргізіледі.

      29. Көлік құралының өткізу пунктіне не күту аймағына келу қажеттілігі туралы ақпарат пайдаланушының ЭКЖ-дағы жеке кабинетінде (бұдан әрі – жеке кабинет) ЭКЖ-да брондау күні мен уақытына дейін кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын көрсетіледі. Бұл ретте пайдаланушыға қосымша тиісті "push-хабарлама" немесе "СМС- хабарлама" жіберіледі.

      30. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде өткізу пунктіне кіруі көлік құралының кіру күні мен уақыты ЭКЖ-да брондаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Өткізу пунктіне кірген кезде көлік құралының тіркеу нөмірін бейнекамерамен оқу жүзеге асырылады.

      31. Көлік құралының өткізу пунктіне кіруі ЭКЖ белгілеген кезектілікке сәйкес күту аймағынан (ол болған кезде) жүзеге асырылады.

      32. Бұл ретте күту аймағында көлік құралдарының қозғалысын мониторингтеуді, ЭКЖ-да кезектің ағымдағы жай-күйін көрсетуді, күту аймағынан шығатын автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін фото және бейнетүсіруді және оларды ЭКЖ-да одан әрі тану мен өңдеуді қамтамасыз ету үшін шлагбаумдар, ақпараттық таблолар, бейнекамералар орналастырылуы мүмкін.

      Күту аймағындағы бейнебақылау жүйесі күту аймағының периметріне, кіру және шығу орындарына, ішкі аумаққа мониторингті, сондай-ақ МКО-ға нақты уақыт режимінде бейнекамералардан келіп түсетін бейнеақпаратты ұсыну мүмкіндігін және осындай бейнеақпаратты жазуды жүзеге асырады. Күту аймағына кірген және одан шыққан кезде орналастырылған бейнекамералардан түсетін бейнеақпаратты сақтау күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

      Күту аймағында ЭКЖ-ны пайдалана отырып өткізу кезектілігі туралы хабарлауды ЭКЖ жұмыс істеу тәртібі және Мемшекараны кесіп өту тәртібі туралы аудио-және бейне ақпарат беру үшін телевизиялық құрылғылар жүзеге асырады.

      33. Автомобиль көлік құралдарын күту аймағынан шақыру үшін ақпарат күту аймағында белгіленген бейнебақылау жүйесінен келіп түсетін бейнеақпаратты шығару үшін бөлінген негізгі және резервтік байланыс арналары (деректерді беру арналары және деректерді беру құралдары) арқылы МКО-ға беріледі.

      34. Өткізу пунктіне жіберу үшін көлік құралын шақыру ЭКЖ белгілеген кезектілікке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көлік құралын шақыру туралы ақпарат жеке кабинетте жазғы уақытта кемінде 60 (алпыс) минут немесе тиісті күні брон уақытына дейін қысқы уақытта 120 (жүз жиырма) минут бұрын көрсетіледі, бұл ретте пайдаланушыға қосымша тиісті "push-хабарлама" немесе "СМС-хабарлама" жіберіледі.

      35. Электрондық кезек көлік құралы белгіленген күні және брондау уақытында өткізу пунктіне келмеген кезде ЭКЖ-мен жойылады. Осы көлік құралы бойынша ЭКЖ-да қайта брондау жүзеге асырылады

      36. Бронды үшінші адамға беруге (сатуға) тыйым салынады.

  Автомобиль көлігі құралдарын,
жүктер мен тауарларды
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы арқылы,
оның ішінде ақылы негізде
автоматтандырылған
электрондық кезек жүйесін
пайдалана отырып
өткізу қағидаларына
қосымша

Көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды ақылы негізде автоматтандырылған электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:

Бақты
Достық

Абай облысы;
Жетісу облысы;

Қалжат

Алматы облысы;

Майқапшағай

Шығыс Қазақстан облысы;

Нұр Жолы

Жетісу облысы.

      2) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:

Атамекен
Б. Қонысбаев
Қазығұрт
Қапланбек
Тәжен

Түркістан облысы;
Түркістан облысы;
Түркістан облысы;
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы.

      3) Қазақстан Республикасының Түркіменстанмен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:

Темірбаба

Маңғыстау облысы.

      4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:

Ақбалшық
Ақсай
Амангелді
Ауыл
Аят
Әлімбет
Байтанат
Бидайық
Жайсаң
Жаңа Жол
Жәнібек
Желқуар
Жезкент
Қарашатау
Қарақоға

Қостанай облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Павлодар облысы;
Абай облысы;
Қостанай облысы;
Ақтөбе облысы;
Абай облысы
Солтүстік Қазақстан облысы;
Ақтөбе облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қостанай облысы;
Абай облысы;
Ақтөбе облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;

Қайрак
Қоңдыбай
Қосақ
Қоянбай
Құрманғазы
Қызыл Жар
Найза
Орда
Сырым
Тасқала
Обаған
Үбе
Үрлітөбе
Шаған
Шарбақты

Қостанай облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Абай облысы;
Атырау облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Павлодар облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қостанай облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Павлодар облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Павлодар облысы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады