Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32924 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы соты


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 258 Бұйрықпен
бекітілген

Кәсіби мерекелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

– 10 қаңтар

2.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні

– 1 ақпан

3.

Ұлттық басылым күні

– 2 ақпан

4.

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

– наурыздың екінші сенбісі

5.

Геолог күні

– сәуірдің бірінші жексенбісі

6.

Ғылым қызметкерлері күні

– 12 сәуір

7.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

– 21 сәуір

8.

Байланыс қызметкерлері күні

– 17 мамыр

9.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

– 21 мамыр

10.

Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

– мамырдың соңғы жексенбісі

11.

Эколог күні

– 5 маусым

12.

Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні

– 7 маусым

13.

Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні

– 9 маусым

14.

Полиция күні

– 23 маусым

15.

Мемлекеттік қызметші күні

– 23 маусым

16.

Судья және сот қызметкері күні

– 24 маусым

17.

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

– маусымның екінші жексенбісі

18.

Малшылар күні

– маусымның екінші жексенбісі

19.

Медицина қызметкері күні

– маусымның үшінші жексенбісі

20.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

– 28 маусым

21.

Дипломатиялық қызмет күні

– 2 шілде

22.

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

– 9 шілде

23.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

– 13 шілде

24.

Нотариат күні

– 14 шілде

25.

Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

– шілденің екінші жексенбісі

26.

Металлург күні

– шілденің үшінші жексенбісі

27.

Сауда қызметкерлері күні

– шілденің төртінші жексенбісі

28.

Көлік қызметкерлері күні

– тамыздың бірінші жексенбісі

29.

Құрылысшы күні

– тамыздың екінші жексенбісі

30.

Шекарашылар күні

– 18 тамыз

31.

Шахтер күні

– тамыздың соңғы жексенбісі

32.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

– қыркүйектің бірінші жексенбісі

33.

Атом саласы қызметкерлері күні

– 28 қыркүйек

34.

Әділет органдары қызметкерлері күні

– 30 қыркүйек

35.

Машина жасаушы күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

36.

Радио күні

– 1 қазан

37.

Мұғалім күні

– 5 қазан

38.

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

– 6 қазан

39.

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

– 10 қазан

40.

Құтқарушы күні

– 19 қазан

41.

Орман шаруашылығы қызметкері күні

– қазанның үшінші жексенбісі

42.

Кітапханашы күні

– 24 қазан

43.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

– қазанның соңғы жексенбісі

44.

Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

– 29 қазан

45.

Сыртқы барлау күні

– 5 қараша

46.

Статистика күні

– 8 қараша

47.

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні

– 10 қараша

48.

Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні

– 15 қараша

449.

Бұрғылаушы күні

– қарашаның үшінші сенбісі

50.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

– қарашаның үшінші жексенбісі

51.

Адвокатура күні

– 5 желтоқсан

52.

Прокуратура күні

– 6 желтоқсан

53.

Энергетик күні

– желтоқсанның үшінші жексенбісі

54.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

– 20 желтоқсан

55.

Архивші күні

– 22 желтоқсан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады