Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32942 болып тіркелді

      "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 521 Бұйрыққа
қосымша

Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлғаға құрылады. ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып, автоматты қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.

      Бақылауды жүзеге асыру және клавиатура арқылы енгізу кезіндегі қателікті азайту мақсатында ЖСН құрамында бақылаушы 12 разрядтың болуы көзделеді, оны есептеу кезінде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылатын болады:

      а12 = (al*bl + а2*b2 + а3*b3 + а4*b4 + а5*b5 + а6*b6 + а7*b7 + а8*b8 + a9*b9 + al0*bl0 + a11*b11)mod 11, мұндағы:

      ai - ЖСН і-разрядының мәні;

      bi - і-разрядының салмағы;

      Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтардың басқа дәйектілігімен жүзеге асырылады:

      ЖСН разрядының мәні: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11;

      разряд салмағы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 1, 2;

      Егер алынған сан 0-ден 9-ға дейінгі мәнге ие болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады