Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32990 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері

Р/с №

Халықаралық спорттық жарыстардың атауы

Иеленген орны

Спортшыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеу мөлшері

Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшері

1

2

3

4

5

1.

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

250000

250000

2-орын

150000

150000

3-орын

75000

75000

4-орын

30000

30000

5-орын

10000

10000

6-орын

5000

5000

2.

Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша

1-орын

15000

10000

2-орын

7000

5000

3-орын

5000

3000

олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемiнде 20 елдің (спорттық дисциплина немесе әрбiр салмақ санаты бойынша) өкiлдерi қатысқан жағдайда

1-орын

2300

2300

2-орын

1800

1800

3-орын

1100

1100

3.

Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

4.

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада

1-орын

15000

15000

2-орын

10000

10000

3-орын

5000

5000

5.

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

6.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты

1-орын

2300

2300

2-орын

1400

1400

3-орын

900

900

7.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты

1-орын

3500

3500

2-орын

2300

2300

3-орын

1100

1100

8.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату


5000

3000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады