Балалар ауылының пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар мен отбасылардың тұруына арналған құрылысжайлар, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылық орналасқан оқшауланған аумағы болады, оның ең аз мөлшерін айқындауды туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32991 болып тіркелді

      "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Балалар ауылының пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар мен отбасылардың тұруына арналған құрылысжайлар, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылық орналасқан оқшауланған аумағы болады, оның ең аз мөлшері кемінде 0,6 гектар болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардын құқықтарын қрғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады