Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33008 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде көрсетілген:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш)";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Патронат тәрбиешіге берілген әрбір баланы (балаларды) күтіп-бағуға Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.";

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 189 бұйрығына
қосымша
  Патронаттық тәрбие туралы
ережеге
1-қосымша
  _______________________
(органның атауы)

Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру туралы өтініш

      Мені патронат тәрбиеші ретінде тануыңызды сұраймын _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғана) _________ және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      Мекенжайым өзгерген жағдайда 10 жұмыс күні iшiнде ол туралы мәліметті міндетті түрде хабарлаймын.

      Дұрыс емес мәлiметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20__жылғы "___"______________ _____ өтініш берушінің қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады