Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33015 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 726 Бұйрығымен
бекітілген

Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-38) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындайды.

      2. Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.

      Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді.

2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі

      3. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету, оларға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалу қажеттілігін ескере отырып, материалдық және материалдық емес игіліктерге қажеттілікті есептеуді:

      1) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтыну немесе пайдалану қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері;

      2) ғылыми негізделген әдістер мен тәсілдерді ескере отырып, салалық ерекшеліктер негізінде жүзеге асырады.

      4. Айқындалған қажеттіліктер негізінде орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлейді.

      Заттай нормалар мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделуге;

      2) нақты және айқын болуға, әртүрлі оқылуды болдырмауға және оларды тәжірибеде еркін қолдану мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі;

      3) олардың қолданылу саласының айқындалуы;

      4) пайдаланушылар ортасының айқындалуы тиіс.

      5. Заттай нормалар кесте түрінде әзірленеді.

      Заттай нормалардың ерекшеліктеріне қарай орталық мемлекеттік органдар онда:

      1) заттай норманың атауын;

      2) заттай норманың өлшем бірлігін;

      3) сандық мәндегі нормасын;

      4) қызмет ету (қолданылу) мерзімін;

      5) пайдаланылу мерзімін;

      6) запаста сақталу мерзімін;

      7) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар қандай қызмет саласында қолданылады, олар неге арналғаны;

      8) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар белгіленетін мемлекеттік органдардың, қажет болған кезде олардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, лауазымды тұлғалардың атауын;

      9) заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасын көрсетеді.

      Қажет болған кезде:

      1) заттай нормаларда пайдаланылған терминдер мен анықтамаларға нақтылау жүргізіледі;

      2) ескертпелерге сілтемелер жасалады.

      6. Әзірленген заттай нормалар:

      1) қаржыландыру көздері (ұсынылып отырған заттай нормаларды енгізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүргізу ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы) және қаржы шығындарының қажеттілігі көрсетілген анықтама;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) ұсынылып отырған заттай нормаларды қабылдау қажеттілігінің негіздемесі, олардың орындылығын растау және оларға есептер қоса беріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заттай нормаларды алған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормалар бойынша ескертулері болған кезде орталық мемлекеттік органдар оларды пысықтайды және оған қайта келісуге енгізеді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормаларды қайта келісу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды және олардың осы мемлекеттік органға түскен күнінен бастап есептеледі.

      8. Заттай нормаларды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынады:

      1) заттай нормалар ескертулерсіз келісілді (актіде бірінші басшының не ол болмаған жағдайда оның міндетін орындаушының бұрыштамасы);

      2) заттай нормаларды келісуден бас тартылды (бірінші басшының орынбасары қол қойған уәжделген бас тартуды қоса бере отырып).

      9. Бекітілген заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тәртіп осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде 1 (бір) реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

  Заттай нормаларды
  әзірлеу қағидаларына
  қосымша

Ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат

Р/с №

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Ұсынылатын тиістілік нормасы

Бар-жоғы

ағымдағы қаржы жылының 01.01. нақты болуы

сатып алу жылы

қызмет мерзімі (жыл)

Ағымдағы қаржы жылында есептен шығарылуы тиіс

Ағымдағы қаржы жылында сатып алу жоспарланған

саны

құны (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2










...










Болжанатын шығындар:









      Кестенің жалғасы

Ұсынылып отырған тиістілік нормалары бойынша жалпы қажеттілік

оның ішінде

Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 2-ші жылына сатып алу көзделген

Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 3-ші жылына сатып алу көзделген

Келесі жоспарлы кезеңде сатып алу жоспарланады

саны (11-баған = (4-баған - ((5-баған - 8-баған) + 9-баған)

құны (мың теңге) (12-баған = 14-баған + 16-баған + 18-баған)

саны

құны (мың теңге)

саны

құны (мың теңге)

саны (17-баған = 11-баған- 13-баған - 15-баған)

Құны (мың теңге) (18-баған = 12-баған - 14-баған -16-баған)

11

12

13

14

15

16

17

18


































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады