"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шiлдеде № 33112 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      69-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "69. ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.";

      70-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "70. ІІМ арнаулы оқу орындарына курсанттар қатарына конкурстан тыс қабылданады:

      1) № 58 Қаулының кандидаттарға белгіленген талаптары бойынша өту деңгейі балын жинаған қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, № 58 Қаулының белгіленген талаптары бойынша балдың шекті деңгейін жинаған адамдар, бірақ "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 2-1)-тармақшасына сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған жоғары білімді кадрларды даярлаудың жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысының кемінде 10 %;

      3) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      4) ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 100 балл жинаған адамдар.";

      70-1-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Кожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады