"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шiлдеде № 33114 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереженің 15 тармағының 233-2) тамақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 17 шілдедегі
№ 283-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 233-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын (бұдан әрі – грант) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) грант алушы – грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес грант төлемі жүзеге асырылған конкурс жеңімпазы;

      2) грант беруге арналған конкурс (бұдан әрі – конкурс) – осы Қағидаларға сәйкес грант беру үшін жеңімпазды айқындау процесі;

      3) жоба – жобаны іске асыру орындылығының, мерзімдерінің әлеуметтік - экономикалық негіздемесін, грант қаражаты есебінен жоспарланатын шығындардың тізбесін айқындайтын ұсынылған идеяны жүзеге асыру және іске асыру жоспары;

      4) конкурстық комиссия – конкурстық өтінімдерді бағалауды жүзеге асыратын және конкурс жеңімпаздарын айқындайтын алқалы орган;

      5) конкурстық өтінім – азаматтың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген, конкурсқа қатысуға арналған өтініші;

      6) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) үміткер – конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген, конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы.

      3. Гранттың мөлшері мен санын уәкілетті орган жыл сайын анықтайды.

      4. Бөлінген грант қаражаты жобаны іске асыру үшін пайдаланылады.

      5. Грантты пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды.

      6. Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

      1) "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

      2) "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

      3) "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

      4) "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

      5) "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

2-тарау. Гранттың мақсаттары мен міндеттері

      7. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

      8. Грант беру міндеттері:

      1) талантты және талапты жастарды қолдау;

      2) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;

      3) жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету;

      4) жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету.

3-тарау. Конкурс өткізу тәртібі

      9. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жариялайды.

      Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада грантты беру мақсаттары мен бағыттары, конкурстың өткізу мерзімдері, негізгі шарттары туралы мәліметтер қамтылады.

      11. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

      1) бірінші кезең – уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарауы;

      2) екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау.

      12. Конкурстық өтінімдерді бағалау үшін уәкілетті орган конкурстық комиссия құрады.

      Конкурстық комиссияны төраға – уәкілетті органның басшысы басқарады.

      Конкурстық комиссияның құрамына орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бағыттары бойынша мамандар мен сарапшылар енгізіледі, бағыттардың әрқайсысын уәкілетті органмен келісу бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан басшы басқарады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, 5 (бес) адамнан кем емес.

      Конкурстық комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, өтінімдерді қарауға қатыспайды.

      Конкурстық комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы конкурстық комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру уәжделенеді және отырыс басталғанға дейін де, конкурстық комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.

      Конкурстық комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (бас тартуы) туралы шешімді конкурстық комиссия жазбаша нысанда, отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдайды және конкурстық комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.

      13. Қорытынды конкурстық комиссияның отырысы ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.

      14. Конкурстық комиссияның отырыстары, егер оған мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      15. Үміткер конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімдерде конкурстық өтінім береді.

      16. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығыстарды үміткер көтереді.

      17. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

      2) жоба бойынша бейне (алпыс секундтан аспайды) немесе таныстырылым (он слайдтан аспайды);

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

      4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

      5) жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі қамтылуға тиіс.

      18. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.

      19. Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдайды және олардың осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.

      Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.

      Конкурстық өтінім хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтірілмеген жағдайда уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қарауына жібереді.

      20. Конкурстық комиссияның мүшелері уәкілетті орган осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағалау парағы бойынша конкурстық өтінімдерді бағалайды және грант алушыларды айқындайды.

      Конкурстық комиссияның шешімімен конкурс қорытындылары туралы хаттама ресімделеді.

      21. Жобаны бағалау үшін келесі критерийлер бойынша 1 ден 10 ға дейінгі балл есептеледі:

      1) жобаның бағытқа сәйкестік дәрежесі;

      2) мәселені (ағымдағы жағдайды) түсіну және нақты сипаттау, статистика және ресми дереккөздерге сілтемелер келтіріледі;

      3) жобаның бәсекеге қабілеттілігі;

      4) ұсынылатын жобаның жаңашылдығы (бірегейлігі);

      5) бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;

      6) жоспарланған нәтижелер шынайы және ұсынылған жоба аясында қол жетімді;

      7) қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметті жалғастыру және (немесе) нәтижелерді ілгерілету мүмкіндігі нақты сипатталған;

      8) сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;

      9) жобаны іске асырудың ұсынылған мерзімдері негізделген және шынайы.

      22. Үміткер конкурстық өтінімде жобаның негізгі идеясын, оның әлеуметтік әсерін, күтілетін нәтижелерін ашпаған және конкурстық комиссияда жобаға қосымша сұрақтар туындаған кезде, конкурстық комиссия төрағасының шешімі бойынша үміткерлердің баяндамаларын таныстырылымдармен бірге көзбе-көз немесе қашықтықтан тыңдау жүргізіледі.

      23. Баллдарды қою жобаның осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін айқындау арқылы келесі тәсілмен жүргізіледі:

      көрсеткіш тармақшаларының толығымен бірде-біріне сәйкес келмеу кезінде – 1 балл;

      көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді – 2 балл;

      көрсеткіштің екі тармақшасына сәйкес келеді – 3 балл;

      көрсеткіштің үш тармақшасына сәйкес келеді – 4 балл;

      көрсеткіштің төрт тармақшасына сәйкес келеді – 5 балл;

      көрсеткіштің бес тармақшасына сәйкес келеді – 6 балл;

      көрсеткіштің алты тармақшасына сәйкес келеді – 7 балл;

      көрсеткіштің жеті тармақшасына сәйкес келеді – 8 балл;

      көрсеткіштің сегіз тармақшасына сәйкес келеді – 9 балл;

      көрсеткіштің барлық тармақшасына сәйкес келеді – 10 балл.

      24. Уәкілетті орган конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасын уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

      Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасына қарсылық (бар болса) ұсынады.

      Қарсылықтар келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қатысып отырған конкурстық комиссияның мүшелері қол қояды.

      25. Грант алушылардың тізімі конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасы қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      26. Уәкілетті орган конкурс жеңімпаздары айқындалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушыларды байланыс құралдары және (немесе) байланыстың өзге де тәсілдері арқылы конкурс қорытындылары туралы хабардар етеді.

4-тарау. Грантты беру, пайдалану және қайтару тәртібі

      27. Конкурс жеңімпазы екінші деңгейдегі банктерде жеке шот ашады және конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға грантты аудару үшін банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынады.

      Екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотты грант алушы грантты аудару үшін арнайы ашады.

      28. Уәкілетті орган конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасының негізінде грант алушы банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынғаннан кейін грант алушымен шарт жасасады.

      Кәмелетке толмаған грант алушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шарт жасасады.

      29. Грант алушы уәкілетті органға осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шартта белгіленген мерзімдерде аралық/қорытынды бағдарламалық есептерді, ақша қаражатының жұмсалуы туралы аралық/қорытынды есептерді ұсынады.

      30. Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаражатының нысаналы пайдаланылуына, оның ішінде грант алушының ұсынған есебі бойынша мониторингті жүзеге асырады.

      31. Гранттың нысаналы пайдаланылмағаны анықталған жағдайда уәкілетті орган грант алушыны шарт талаптарының бұзылғаны және гранттың толық сомасын қайтару қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      32. Грант алушы грант қаражатын уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайтарады.

      33. Грант алушы қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда олар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен өндіріп алынады.

      34. Грант алушы қайтарған грант қаражатын уәкілетті орган республикалық бюджетке аударады.

      35. Қаражат:

      1) грант алушы қайтыс болған;

      2) грант алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған;

      3) грант алушы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде) қайтарылмайды.

  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
1-қосымша

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру конкурсына қатысу үшін конкурстық өтінім

      1. Тегі______________________________________________________________
      Аты________________________________________________________________
      Әкесінің аты (бар болса)_______________________________________________
      2. Туған күні__________________________________________________________
      3. Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз: "Ғылым",
      "Мәдениет", "Ақпараттық технологиялар", "Бизнес", "Медиа")
      _____________________________________________________________________
      4. Білімі (жоғары, орта, оқу орнының атауы)
      _____________________________________________________________________
      5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)
      _____________________________________________________________________
      6. Қазіргі қызметі (үміткердің жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)
      _____________________________________________________________________
      7. Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефоны, электрондық пошта)
      _____________________________________________________________________
      8. Тұратын мекенжайы (облыс, қала, көше, үй/пәтер) _______________________
      _____________________________________________________________________
      20 __ жылғы "__" _____________
      Қолы _________

  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
2-қосымша

Жобаның сипаттамасы

Жобаның атауы және бағыты


Жобаның жетекшісі (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Нысаналы аудитория


Жобаның миссиясы


Бастаманың негіздемесі


Жобаның мақсаттары


Жобаның міндеттері


Жобаны іске асыру мерзімдері


Жобаның сәттілігін бағалаудың нысаналы көрсеткіштері мен өлшемшарттары


Жоба өнімі


Жобаның мүдделі тараптары


Жобаны іске асыру құны бойынша алдын ала болжамдар


Жобаның шектеулері (тәуекелдері)


Жобаны іске асыру географиясы (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана)


  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
3-қосымша

Шығындар сметасының жобасы


р/н

Шығындар бабы

Өлшем бірлігі

Бірлік бағасы

Саны

Сомасы

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






Барлығы:





      * Ескерту:

      Грант қаражатын мақсатты пайдалану үшін грант алушыға жалақы көзделмейді

  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
  грантын беру қағидаларына
  4-қосымша

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру үшін грант алушыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия мүшесінің бағалау парағы

      Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
      Грант бағыты ____________________________________________________________________


п/п

Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жобаның атауы

Қорытынды балл

1

2

3

4

1.




2.




...




      20 __ жылғы "__" _____________
      Қолы _________

  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
5-қосымша

АРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕСЕП

Грант алушы:


Грант тақырыбы:


Грант сомасы:


      1. Орындалған жұмыстар туралы ақпарат

Жобаның міндеттері

Жоба шеңберіндегі іс-шаралар

Жобаны орындау мерзімі

Әлеуметтік жоба өнімдері бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу деңгейі

Қатысушылар саны

Сипаттама (Егер есеп беру кезінде қызмет ішінара орындалса, онда орындалған жұмыс сипатталады. Бұдан басқа, осы тармақты сипаттау кезінде жобаны іске асыру шеңберінде нысаналы топ өкілдері не алды деген сұраққа жауап беру қажет)

Қоса берілген растайтын құжаттар (фотосуреттер, сілтемелер және тізімдер)

Іс-шаралар құны

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызметті (жарнаманы қоса алғанда) жариялау

БАҚ, әлеуметтік желілер

Басылымдардың атауы

Қамту, деңгей

Жарияланымдар саны

Шығу күні, сілтеме

1

2

3

4

5

оның ішінде:










      3. Егер бар болса, белгілі бір әрекет бойынша сәттілік тарихын жазыңыз
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      Грант алушы, А.Т.Ә. (бар болса):
      Толтыру күні ____________
      Қолы ____________

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕСЕП

Грант алушы:


Грант тақырыбы:


Грант сомасы:


      1. Кестені толтырыңыз және жоспарланған нәтижелердің алынған нәтижелерге сәйкестігін сипаттаңыз

Жобаның мақсаты:


Жобаны іске асырудан қол жеткізілген нәтиже:


Міндет

Міндет шеңберіндегі іс-шаралар

Қысқа мерзімді қол жеткізілген нәтижелер (іс-шараларға)

Сандық және сапалық көрсеткіштер

Индикаторлар

Әсері

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7








      Жоба бойынша жоспардан ауытқудың негіздемесін сипаттаңыз: ________________________________________
      2. Мақсатқа жету (фактілерді сипаттау және мақсатқа жету туралы дәлелдерді көрсету): ____________________
      3. Жобаға қатысушылар бөлінісінде статистикалық ақпарат: ____________________________________________
      Жас көрсеткіші:

Жобаға қатысушылардың саны барлығы

13-16 жас

17-22 жас

23-27 жас

28-32 жас

33-45 жас

46-58 жас

59 жыл және одан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8









      4. Жоба нәтижелері:

      ● көрсетілген нысаналы топтар жобаны іске асыру барысында алған нақты нәтижелер
      (сандық көрсеткіштерді көрсете отырып, сапалық ауысымдарды сипаттай отырып):___________________________________________
      ● жобаның оны іске асыру барысында шешілетін проблемаға ұзақ мерзімді әсері
      (жобадан туындаған белгілі бір саладағы болжамды оң / теріс өзгерістерді негіздеу):__________________________________________
      ● әлеуметтік жобаның тұрақтылығы:_________________________________________

      5. Серіктестердің (бар болса), билік органдарының, әлеуметтік жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен құрылымдардың

      үлесін талдау: оларды тарту қаншалықты қажет болды, бұл әлеуметтік жобаны қалай күшейтті, қандай сабақтар

      алынды, өзара іс-қимылды қалай жалғастыру жоспарлануда?

      _______________________________________________________________________________

      Жоба серіктестері

      Жобаны іске асыруға тікелей қатысатын, қызметі жобаның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін ұйымдар. Серіктестерге логистика,

      тамақтану, жол жүру және т.б. бойынша қызмет көрсететін жеткізушілер кірмейді.

Ұйымның атауы / серіктестің А.Т.Ә. (бар болса)

Жобадағы рөлі

Ұйымның, серіктестің байланыс нөмірлері

Ескерту

1

2

3

4





      Грант алушы, А.Т.Ә. (бар болса):
      Толтыру күні ____________
      Қолы ____________

  "Тәуелсіздік ұрпақтары"
грантын беру қағидаларына
6-қосымша

АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ТУРАЛЫ АРАЛЫҚ/ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

Грант алушы:


Грант тақырыбы:


Грант сомасы:


Шығыстар бабының атауы

Шығындар сметасы

№ 1 аралық есеп

№ 2 аралық есеп

Қорытынды есеп

Қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.







...








Жиыны






      Грант алушы, А.Т.Ә. (бар болса):
      Толтыру күні ____________
      Қолы ____________

АҚША ҚАРАЖАТЫН ЖҰМСАУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

      1.

      2.

      3.

      ...

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады