"Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33237 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін жүгінген азаматтардың саны туралы есеп" (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 330 бұйрығына
қосымша

"Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық)

      Ұсынылады: "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы.

      Әкімшілік деректер нысаны мына интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп (индексі 3-Т (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі тоқсандық).

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3-Т.

      Жиілігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы _________ тоқсан.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері.

      Ұсыну мерзімі: жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері – "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін.

20__ жылғы __ тоқсандағы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдардың саны туралы есеп

      _________ облысы __________________ ауданы (қаласы)

Жол коды Көрсеткіштер Есепті тоқсан Жыл басынан бері


барлығы оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар барлығы оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар

А 1 2 3 4

1

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдардың саны, адам





1.1

оның ішінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде, адам





1.2

оның ішінде жұмыссыздар, адам





2

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығымен жұмысқа орналастырылған адамдардың саны, адам





2.1

оның ішінде жұмыссыздар, адам





3

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығымен жақын және алыс шет елдерге жұмысқа кеткен адамдардың саны, адам





3.1

оның ішінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде адам





      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің атауы ___________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефон __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы: _______________________________________ ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

      __________________________________________________ ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Күні: 20__ жылғы "___" ___________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Жұмыспен қамтудың
жекеше агенттіктеріне еңбек
делдалдығына жүгінген
адамдар саны туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға (индексі 3-Т
(жұмысқа орналастыру)
қосымша

"Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдар саны туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері толтырады және "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынылады.

      Жиынтық ақпарат "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде "есептер" бөлімінде қалыптастырылады.

      3. Нысанға жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысандағы барлық көрсеткіштер есепті тоқсанда және ағымдағы жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен келтіріледі. Деректер бір дәлдікпен көрсетіледі.

      5. Нысан есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне ұсынылады.

      6. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      7. Нысанның 1 және 3-бағандарынан тиісінше 2 және 4-бағандарында ауылдық жерде тұратын адамдар бойынша деректер бөлінеді.

      8. Нысанның 1-жолында зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектігі бар адамдарды және еңбек қызметімен айналысатын, бірақ басқа жұмыс табуға, қосымша табыс (табыс) алуға және бірнеше еңбек шарттары бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген, сондай-ақ оқудан бос адамдарды қоса алғанда, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген адамдардың саны және жұмыс берушілерге олардың жұмыс күшіне қажеттілігі болған кезде жіберілетін уақыт көрсетіледі.

      9. Нысанның 1-жолынан 1.1-жолында кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жүгінген адамдардың саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 1-жолынан 1.2-жолында жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне еңбек делдалдығына жүгінген жұмыссыздардың саны көрсетіледі.

      1-жолындағы деректер 1.2-жолдағы деректерден зейнеткерлер, оқушылар және басқа да еңбек қызметімен айналысатын адамдар санына ерекшеленеді (басқа тұлғаларға негізгі жұмысынан бос уақытында жұмыс орнын ауыстырғысы немесе бірнеше жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істегісі келетін, яғни жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне жүгінген кезде жұмысы немесе кәсібі бар адамдар жатады).

      11. 2-жолда жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығы кезінде жұмысқа орналастырылған адамдардың саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 2-жолынан 2.2-жолында жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығы кезінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны көрсетіледі.

      13. 3-жолда жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің делдалдығы арқылы жақын және алыс шет елдерге жұмысқа кеткен адамдардың саны көрсетіледі.

3-тарау. Арифметикалық-логикалық бақылау

      14. 1, 2, 3, 4-бағандар бойынша:

      1-жол > 1.1-жол;

      1-жол > 1.2-жол;

      1-жол > 2-жол;

      2-жол > 2.1-жол;

      2-жол > 2.2-жол;

      2-жол > 3-жол;

      3-баған > 1-баған;

      4-баған > 2-баған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады