Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 тамызда № 33252 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-3-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 380 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік атаулы стипендиялар

Аталуы

1.

Әл-Фараби

2.

Абай

3.

Ақан Сері

4.

М.О.Әуезов

5.

Ш. Айманов

6.

К. Әзірбаев

7.

Ж. Ақбаев

8.

Ы. Алтынсарин

9.

С.Д.Асфендияров

10.

К. Байсейітова

11.

А. Байтұрсынов

12.

О.А.Байқоңыров

13.

Н. Байғанин

14.

А. Бараев

15.

Біржан сал

16.

Е.А.Бөкетов

17.

О. Бөкеев

18.

Ш. Уәлиханов

19.

А. Ермеков

20.

А. Елеманов

21.

М. Ермеков

22.

Ж. Елебеков

23.

І. Жансүгіров

24.

Жамбыл

25.

Ы. Жақаев

26.

Н. Жантөрин

27.

Қ. Жұбанов

28.

А. Жұбанов

29.

М. Жұмабаев

30.

А. Иманов

31.

А. Затаевич

32.

Ә. Қастеев

33.

Құрманғазы

34.

С. Қожамқұлов

35.

Б. Майлин

36.

Б. Момышұлы

37.

Ғ. Мүсірепов

38.

Ф. Мұхамедқалиев

39.

Қажымұқан

40.

А.С.Пушкин

41.

Т. Рысқұлов

42.

Қ. Сәтбаев

43.

С. Сейфуллин

44.

К. Скрябин

45.

С. Торайғыров

46.

М. Төлебаев

47.

Тәттімбет

48.

Т. Тәжібаев

49.

М.И.Усанович

50.

А. Чаянов

51.

П.И.Чайковский

52.

Ж. Шанин

53.

Шәкәрім

54.

Ә. Мәмбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады