Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 5 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 152 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 тамызда № 33301 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 152 мен
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
төрағасы
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 5 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда Заңда айқындалған мәндегі ұғымдар мен келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) елеулі бұзушылықтар:

      Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің деректерімен, оның ішінде электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ЭШБЕА БҚ) деректер базасының ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасымен (бұдан әрі – АШЖ ДБ) (5%-дан 15%-ға дейін), ЭШБЕА БҚ-ның тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімімен (бұдан әрі – ТҚСТ) (5%-дан 15%-ға дейін) сәйкессіздігі бойынша бұзушылықтар;

      2) елеусіз бұзушылықтар:

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың, сондай-ақ оны толтыру бойынша түсіндірменің болмауы бөлігінде талаптарын сақтамауға байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын өзекті емес (жаңартылмаған) әкімшілік деректердің болуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭШБЕА БҚ деректер базаларының АШЖ ДБ (5%-дан төмен), ЭШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (5%-дан төмен) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты бұзушылықтар;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АШЖ ДБ – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

      4) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық – бұл бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы нормаларын бұзуға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі;

      5) өрескел бұзушылықтар:

      әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) келіспеуге байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      уәкілетті орган ведомствосының деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеру арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      уәкілетті орган ведомствосы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

      әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДБ (15%-дан жоғары), ЭШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (15%-дан жоғары) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты;

      бақылау субъектілеріне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың негізінде уәкілетті орган ведомствосының шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу бойынша белгілеген талаптарды сақтамауға (бес және одан артық ескерту бар болса) байланысты бұзушылықтар;

      6) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      7) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдерге жол берілетін деңгейді қамтамасыз ете отырып, әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін тәуекелдер дәрежесі бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) бөлу жолымен қолайсыз факторлардың пайда болу ықтималдығын төмендетуге, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, бақылау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау процесі;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тексеру парағы – бақылау субъектісінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      11) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезіндегі ескертулер – Заңның 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың (бұдан әрі – Әдіснама) талаптарын сақтамау бойынша ескертулер;

      12) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуді, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде агрегатталған деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.

      3. Мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттарды айқындау мына кезеңдер:

      1) тәуекелді айқындау;

      2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары тәуекел тобына жатқызу ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік дереккөздер ұсынған анық емес әкімшілік деректерді пайдалану нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне статистикалық қызметті қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеушілік, іске асырушылық немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу және өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын әкімшілік дереккөздер жатады.

      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері жатады.

      8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне бару және жоспардан тыс тексеру арқылы профилактикалық бақылау қолданылады.

      9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай және жоспардан тыс тексеру арқылы профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мына кезеңдер:

      1) бақылау субъектісі бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, деректер базасын қалыптастыру;

      2) бақылау субъектісіне бару және жоспардан тыс тексеру арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге жататын бақылау субъектісін айқындау мақсатында ақпаратты талдаудықолдана отырып жүзеге асырылады.

      11. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді.

      12. Осы өлшемшарттардағы 1, 2-қосымшаларға сәйкес әкімшілік дереккөздерге қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша қолда бар ақпарат көздері негізінде тәуекел дәрежесі айқындалады.

      13. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі уәкілетті орган ведомствосының субъективті өлшемшарттар бойынша ресми дереккөздерден алған деректерге жүргізілетін талдау, мониторинг және салғастыру нәтижелері бойынша және жылына бір реттен көп емес айқындалады.

4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      15. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      SРH = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда:

      SРH – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:

      SР = SР3 + SРH, мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРH – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 71-ден 100-ді қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 70-ке дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      16. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабы 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      17. Аумақтық статистика бөлімшелері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосы бекіткен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылған бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде орналасқан жерлері бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы аумақтық бөлімшелерінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін тіркеуді жүзеге асырады.

  Мемлекеттік статистика
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Әкімшілік дереккөздерге қатысты субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері:

1

Уәкілетті органның ведомствосымен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келіспеу

өрескел

2

Уәкілетті органның ведомствосымен көрсеткіштерді есептеу әдістемені келіспеу

өрескел

3

Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбау

елеулі

4

Уәкілетті орган ведомствосының деректерін әкімшілік дереккөздердің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің ақпараттық жүйелерінен алынған әкімшілік деректермен салыстыру және салыстыру арқылы анықталған дұрыс емес әкімшілік деректерді ұсыну

өрескел

5

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде ұсынбауы

өрескел

6

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда титулдық парақтың болмауы

елеусіз

7

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болмауы

елеусіз

8

Әкімшілік деректердің басқа ресми дереккөздерінің деректерімен сәйкессіздігі

елеулі

9

Әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзексіздігі (жаңартылмауы)

елеусіз

Бақылау субъектісіне бару және жоспардан тыс тексерудегі алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарда сақталмаған жағдайда белгіленеді):

10

Келісілмеген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау

өрескел

11

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органның ведомствосымен келіспеу

өрескел

12

Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органның ведомствосымен келіспеу

өрескел

13

Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбау

елеулі

14

Дұрыс емес әкімшілік деректерді ұсыну

өрескел

15

Уәкілетті органның ведомствосы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынбау

өрескел

16

Әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзексіздігі (жаңартылмауы)

елеулі

17

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауы

елеулі

18

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болмауы

елеулі

  Мемлекеттік статистика
саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

1

ЭӘШБЕА БҚ және АЖБ ДБ-дағы мал басы (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) деректеріндегі айырмашылықтар 15%-дан жоғары

өрескел

2

ЭӘШБЕА БҚ және АЖБ ДБ-дағы мал басы (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан 15%-ға дейін

елеулі

3

ЭӘШБЕА БҚ және АЖБ ДБ-дағы мал басы (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан төмен

елеусіз

4

ЭӘШБЕА БҚ және ТҚСТ деректеріндегі (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) айырмашылықтар 15%-дан жоғары

өрескел

5

ЭӘШБЕА БҚ және ТҚСТ деректеріндегі (үй саны немесе жалпы ауданы шаршы метрмен) айырмашылықтар 5%-дан 15%-ға дейін

елеулі

6

ЭӘШБЕА БҚ және ТҚСТ деректеріндегі (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) айырмашылықтар 5%-дан төмен

елеусіз

Бақылау субъектісіне бару және жоспардан тыс тексерудегі алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарда сақталмаған жағдайда белгіленеді):

7

Бес және одан да көп ескертулер болған шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудегі бақылау субъектісіне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 152 мен
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
төрағасы
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 5 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      ______________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      ______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________________

      Орналасқан орнының мекенжайы

      ______________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Келісілмеген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау



2

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың уәкілетті орган ведомствосымен келіcпеу



3

Көрсеткіштерді есептеу әдістемесінің уәкілетті орган ведомствосымен келіспеу



4

Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбау



5

Дұрыс емес әкімшілік деректерді ұсыну



6

Уәкілетті орган ведомствосымен белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынбау



7

Әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзексіздігі (жаңартылмауы)



8

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда титулдық парақтың болмауы



9

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болмауы



      Лауазымды адам (адамдар)

      ______________________________________________________________________

                        (лауазымы)                               (қолы)

      ______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ______________________________________________________________________

                        (лауазымы)                               (қолы)

      ______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады