"Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 тамызда № 33334 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағын, 3-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есепті қалыптастыру бойынша нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаяу жүргінші – жолда көлік құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, электр самокатты, шағын электр көлігі құралын, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі;

      2) жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) – көлік құралының жолда жүруі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, адам өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

      3) жолаушы – көлік құралының үстінде (ішінде) отыратын және оны басқармайтын адам;

      4) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал, табын, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы;

      5) көлік құралы (бұдан әрі – КҚ) – жолдар бойынша адамдарды, үстінде орнатылған тауарлар немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;

      6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдары;

      7) Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      8) жол – "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті. Жол бір немесе бірнеше жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      9) денсаулыққа жеңіл зиян – денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн (оннан бiр бөлігiнен кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян;

      10) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлігінен кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп соққан зиян;

      11) денсаулыққа ауыр зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті немесе денсаулығына зиян: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылыққа (ауруға) әкеп соққан өзге де зиян.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЖКО-2 ЭАЕҚ ЖКО-да қаза болған немесе жарақаттанған әрбір адам үшін толтырылады.

      1 және 2-деректемелер тіркеу органы туралы деректері бар 1-деректемені қоспағанда, ЖКО-1 ЭАЕҚ-ның деректемелеріне ұқсас толтырылады.

      4-деректемеде зардап шеккен адам болған КҚ-ның сериялық нөмірі көрсетіледі, ЖКО-1 ЭАЕҚ 11-деректемесінде көрсетілген КҚ-ның нөмірленуіне сәйкес жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушылар үшін "0" қойылады.

      5-деректемеде ЖКО-ның қатысушысы көрсетіледі. Жаяу жүргінші үшін (1); КҚ-ның жүргізушілері үшін (А, B1 санаттарынан басқа, велосипед, электр самокатты, шағын электр көлігі құралын, тасымалды, мопедті – (2)); B1 санатынан басқа, B, C санаттары КҚ-ның жолаушылары үшін (3); D, DE, Tm (трамвайлар), Tb (троллейбустар) санаттары жолаушылары үшін – (4); А (оның ішінде А1) және B1 санаттары КҚ-ның жүргізушілері мен жолаушылары үшін көрсетіледі (5); велосипедте – (6), тасымалда – (7), жануарларда – (8), мопедте – (9), электр самокатта (10), шағын электр көлігі құралында (11) көрсетіледі.

      8-деректемеде ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет көрсетіледі, оның ішінде "Белгісіз адам" (3) жәбірленушінің жеке басын куәландыру мүмкін болмаған жағдайда толтыруға рұқсат етіледі.

      ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәліметтер анықталған жағдайда, әкімшілік полиция бөлімшесі ЖКО-2 ЭАЕҚ-ға дереу өзгерістер енгізеді, барлық жаңа деректі көрсетіп, ҚСжАЕК аумақтық органдарын жазбаша хабардар етеді.

      ЖКО-да жарақаттанған және кемінде бір тәулік мерзімде амбулаторлық ем қабылдаған адамның жағдайы медициналық мекеменің құжаттарымен расталады.";

      Нұсқаулықтың 1-қосымшасының:

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЖКО түрлері: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (бұдан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту (8); велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10); жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12), мопед жүргізушісін қағып өту (13), электр самокаттардың (14) және шағын электр көлігі құралдарының (15) жүргізушісін қағып өту";

      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЖКО-ға кінәлі қатысушы: жүргізуші (1); жаяу жүргінші (2); ЖКО орнынан жасырынған (3); кәмелет жасқа толмаған (4), шетел азаматы /азаматтығы жоқ адам (5), жол қызметі (6), жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер (7), коммуналдық қызмет (8), велосипед жүргізушісі (9), мопед жүргізушісі (10), электр самокатының (11), шағын электр көлігі құралының (12) жүргізушісі.";

      Нұсқаулықтың 2-қосымшасының:

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖКО қатысушысы: жаяу жүргінші (1); КҚ жүргізуші (А, В1, велосипед, тасымал санаттарын, электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдарын жүргізушісін қоспағанда) (2); B1 санатынан басқа B, C санаттағы КҚ жолаушысы (3); D, DE, Tm, Tb санаттағы КҚ жолаушысы (4); А, B1 санаттағы КҚ қозғалған адам (5); велосипед (6); тасушы (7); жануар тасымалы (8), мопед (9), электр самокаттардың (10) және шағын электр көлігі құралдарының (11) жүргізушісі".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады