Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33355 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 271 бұйрығына
қосымша

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторингті (бұдан әрі – мониторинг) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), өңірлік білім басқармалары, денсаулық сақтау басқармаларымен (бұдан әрі - басқармалар) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізеді.

2-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Министрліктер және (немесе) басқармалар мониторингті жүргізу үшін Министр және басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейінгі мерзімде ресімделетін шешім қабылдайды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      Мониторинг қабылдаудың нақты жыл үшін жүргізіледі. Мониторинг жүргізу мерзімдері 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      4. Мониторингті жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, құрамы Министрдің және (немесе) басқарма басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссияның құрамы төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.

      Комиссия құрамына Министрліктің, басқармалардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, колледждердің, мектептердің өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады.

      Комиссияны Министрлік, басқарма қызметкерлерінің арасынан тағайындалған жетекші басқарады.

      5. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы мониторингті жүргізу үшін қолайлы жағдайды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізуге ақпараттарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

      6. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы комиссия мүшелеріне ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      7. Комиссия мониторинг нәтижесі бойынша мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы қазақ немесе орыс тілдерінде 2 (екі) данада әзірлейді, оған комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады.

      Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтамаға растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      8. Комиссия орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысына мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы таныстыру үшін және қол қою үшін ұсынады, ол орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының мөрімен куәландырылады.

      Мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманың бір данасы комиссия жетекшісінде, ал екіншісі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында болады.

      9. Мониторинг нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ескертулерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім басқармасына мониторинг аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ескертулерді жою туралы есепті ұсынады.

      10. Мониторинг нәтижелері жетекшілік ететін вице-министр және (немесе) басқарма басшысы орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысында қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады