Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33364 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиалық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық стратистика бюросы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 322 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) саласындағы жобаларына кредит беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері (бұдан әрі – үміткер) – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шарты негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмалар жасайтын тұлға.

2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру тәртібі

      3. Кредиттер республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражатынан АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру немесе қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.

      4. АӨК саласындағы жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.

      5. Сенім білдірілген өкілді (агентті) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындайды.

      6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен мынадай шарттарда бюджеттік кредит беріледі:

      1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.

      Бюджеттік кредиттің негізгі шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленеді.

      7. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша береді.

      8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып кредиттер береді:

      1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

      4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

      6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, қоса қаржыландыру мөлшері, үміткерлердің санаттары, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізімі жергілікті атқарушы орган және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі.

      9. Өтініш берушілер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде сенім білдірген өкілге (агентке) береді.

      10. Кредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар мен олардағы мәліметтер кредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, кредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.

      11. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен бірге және олардың кредит беру шарттарына сәйкес келген кезде ұсынылған АӨК саласындағы жобаға бағалау жүргізеді.

      АӨК саласындағы жобаны бағалағаннан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерін қоса бере отырып, оң қорытындылар алған үміткерлердің құжаттарын АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығару үшін жергілікті атқарушы органға жібереді.

      12. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің кредит бойынша шарттың міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің кредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредиттік шартта белгіленеді.

      Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды және тапсырма шартында белгіленеді.

3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу өлшемшарттары

      13. АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;

      өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;

      уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

      ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен көп болмауы;

      берік азықтық базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.

      14. АӨК саласындағы жобаларды іріктеуге арналған комиссия жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі мәслихат депутаттарының, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат өкілдерінен, салалық сарапшылардан тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімінің шешімімен құрылады.

      Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Комиссия хатшысы Жұмыс органының қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісуі бойынша, отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, Комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, Комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      15. Комиссия отырысы аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен жазып алынады.

      Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.

      Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы азаматтарының және бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі.

      Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім еркін нысанда хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық Комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

      Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса отырысқа қатыспайды және қарсылық білдіреді (өздігінен бас тартуға).

      Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру негізделеді және отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да мәлімделеді.

      Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.

      16. АӨК саласындағы жобамен іріктелген үміткер кредит беру үшін жергілікті атқарушы органмен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) қарыз шартына кепіл шартына қол қояды, кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредит сомасын оның ағымдағы шотына аударады.

      17. Кредиттің нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қол қойылған қарыз шартының талаптарымен жүзеге асырады.

      18. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

      Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есепті осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады

  Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы жобаларға кредит
беру қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: нысан № 3-КНПЕ

      Мерзімділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы ___________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы орган

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10- күніне дейінгі мерзімде;

      жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде.

Р/с №

Облыс

Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес код

Іске асыру орны (аудан)

Мекен-жай тіркелім коды

Жобаның атауы

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Кредит беру күні

Кредит беру мерзімі, айлар

Кредит сомасы (теңге)

Жобаның бағыты

Қуаттылығы (жылына тонна, суару алаңы гектар)

Өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін)

Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны

Уақытша құрылған жұмыс орындарының саны

9

10

11

12

13

14

15

16









      Басшы немесе оның міндетін

      атқарушы тұлға __________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жауапты қызметкер_____________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
"Кредиттердің нысаналы
пайдаланылуы туралы есеп"
нысанына қосымша

"Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен инициалдарын көрсете отырып қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында облыстың атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында іске асыру орны (аудан) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5- бағанында мекен-жай тіркелім коды көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында кредит беру күні көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында кредит беру мерзімі, айлар көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында кредит сомасы (теңге) көрсетіледі.

      15. Нысанның 12-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.

      16. Нысанның 13-бағанында жобаның қуаттылығы (жылына тонна, суару алаңы гектар) көрсетіледі.

      17. Нысанның 14-бағанында өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) көрсетіледі.

      18. Нысанның 15-бағанында құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      19. Нысанның 16-бағанында уақытша құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады