Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте № 33383 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік және болжау жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 366 бұйрығымен
бекітілген

Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидасы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы және болашақтағы кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) – тиісті салаларда (аясында) кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында салалық мемлекеттік орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

      2) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

2 тарау. Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру тәртібі

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбек нарығының жай-күйін ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігі тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және мемлекеттік органдарға енгізеді.

      Еңбек нарығын талдау кезінде кәсіптің ағымдағы кезеңдегі өзектілігі бір жыл, болашақ кезеңде – жиырма жыл ескеріледі.

      4. Жыл сайын, ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік органдар Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктіліктерді тану қажеттілігін қалыптастыру қажеттілігі туралы ұсыныстарды қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.

      5. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ұсыныстарын Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кезекті отырысында қарауына енгізеді.

      6. Уәкілетті орган Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес ұсыным шығарған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде еңбек нарығының кәсіптік біліктіліктерін тануға қажеттілігін қалыптастыру үшін басқару саласын (аяларын) айқындау жөніндегі қорытындыны қалыптастырады және мемлекеттік органдарға жібереді.

      Кәсіби біліктілікті тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру үшін мемлекеттік басқару салаларын (аяларын) айқындау жөніндегі қорытынды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған басымдықтар, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары ескеріле отырып қалыптастырылады.

      7. Мемлекеттік органдар уәкілетті органның қорытындысында айқындалған мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) қажеттілікті айқындау үшін зерттеу жүргізеді.

      8. Мемлекеттік органдардың зерттеу жүргізуі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ұйымдастырушылық;

      2) зерттеу.

      9. Ұйымдастыру кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың зерттеу жүргізу үшін орындаушыны айқындауын көздейді.

      10. Зерттеу кезеңі орындаушының:

      кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігі тұрғысынан, оның ішінде ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптерді талдау;

      мемлекеттік басқару саласындағы (аядағы) негізгі трендтерді, технологиялық өзгерістер мен инновацияларды бағалау;

      мемлекеттік басқару саласын (аясын) дамыту перспективаларын, оның ішінде ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып айқындау өткізуін көздейді.

      11. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік орган он бес жұмыс күні ішінде еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін қалыптастырады және оны Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады