Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 33416 болып тіркелді

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      4) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      5) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

      7) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

      8) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      9) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, Ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде әзірленеді және салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, машықтың және құзыреттің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайтын құжат;

      10) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      11) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ) – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені.

      3. СБШ әзірлеудің және (немесе) жаңартудың негізгі мақсаты:

      1) еңбек нарығын дамытудың жалпы стратегиясын және нақты саласында (аясында) кадрлар даярлау жүйесін қалыптастыру, оның ішінде нақты біліктілік алу, біліктілік деңгейін арттыру, кәсіптік біліктілікті тану арқылы еңбек қызметі барысында мансаптық өсудің әртүрлі траекторияларын жоспарлау;

      2) кәсіптік стандарттарды, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде басшылардың, мамандардың, жұмыскерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптардың сипаттамасы;

      3) кәсіптік біліктілікті тануды жүргізу кезінде пайдалану.

2-тарау. СБШ әзірлеу тәртібі

      4. СБШ-ны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес салалық біліктілік шеңберінің құрылымға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлейді.

      5. Мыналар:

      1) мемлекеттік органның жанынан құрылған кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) мүшелерінің СБШ-дағы қолданыстағы және ұсынылатын өзгерістер бойынша негіздеме мен салыстырмалы кестені қамтитын ұсыныстары;

      2) жетекшілік ететін салалардың (аялардың) СБШ-ның болмауы немесе толық қамтылмауы тұрғысынан мемлекеттік органның талдау нәтижелері СБШ әзірлеу үшін негіздер болып табылады.

      6. Салалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және мемлекеттік органның жетекшілік ететін салаларда (аяларда) СБШ-ның болмауы немесе толық қамтылмауы тұрғысынан талдау нәтижелері жыл сайын, талдау жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанынан кешіктірілмей салалық кеңестің қарауына шығарылады.

      7. Мемлекеттік органдар СБШ әзірлеу үшін тиісті кәсіптер мен лауазымдардағы жұмыскерлерді, жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), кәсіптік одақтардың, білім беру ұйымдарының, кәсіптік біліктілікті тану орталықтарының, зерттеу ұйымдарының өкілдерін, тиісті саладағы (аядағы) тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарта алады.

      8. Мемлекеттік орган салалық кеңес СБШ әзірлеу қажеттілігі туралы шешім шығарған күннен кейін алпыс жұмыс күні ішінде дайындық жұмыстарын жүзеге асырады, оған мыналар кіреді:

      1) саланы (аяны) талдау, соның ішінде ағымдағы жағдайдың және саланың (аяның) мәселелерінің сиппатамасы, саланың (аяның) даму тенденциялары;

      2) саланың (аяның) шекараларын айқындау, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) пайдалана отырып, кіші салалардың, өнімдер немесе қызметтер топтарының тізбесін қалыптастыру;

      3) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген ҰКС пайдалана отырып, кәсіптік топтарды, кіші топтарды, сондай-ақ негізгі және салааралық қызметтерді (кәсіптер мен лауазымдарды) айқындау;

      4) жұмыс тәжірибесін ескере отырып, біліктіліктің төмен деңгейлерінен жоғары деңгейлеріне өту кезінде біліктілікті дамыту траекторияларының сабақтастығын айқындау;

      5) біліктілік дескрипторларын әзірлеу;

      6) кәсіптік біліктілік картасын әзірлеу.

      Біліктілік деңгейлерін СБШ деңгейлері бойынша сәйкестендіру кезінде Заңның 5-бабы 3-тармағының екінші бөлігімен белгіленген тәртіппен бекітілетін ұлттық біліктілік шеңбері пайдаланылады.

      9. СБШ-ның әр деңгейіндегі кәсіби дағдыларға қойылатын талаптар дескрипторлар (параметрлер мен өлшемшарттар) бойынша сипатталады және саладағы (аядағы) кәсіби және еңбек қызметінің орындалатын міндеттерін сипаттайды.

      Дескрипторларға мыналар жатады: "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС сәйкес біліктілік деңгейі жатады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білімі мен машықтары, жеке құзыреттері кіші деңгейлеріне бөлуге жол беріледі.

      10. Кәсіптік біліктілік картасы мыналарды қамтиды:

      1) 2008 жылғы Кәсіптер сыныптауышының халықаралық стандарты бойынша бастауыш топтарын және "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС салыстыру;

      2) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС бойынша кәсіптер топтары;

      3) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС бойынша кәсіптер негізгі топтары;

      4) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС бойынша кәсіптің атауы;

      5) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ҰКС бойынша дағдылар деңгейі;

      6) Заңның 10-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалар белгілейтін тәртіппен Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) және СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      7) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ЭҚЖЖ бойынша секциялар, бөлімдер, топтар, сыныптар және кіші сыныптар.

      11. Мемлекеттік орган дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде СБШ жобасын әзірлеуді және салалық кеңесті бекітуге енгізуді жүзеге асырады.

      12. Салалық кеңес жоба келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде СБШ бекітеді немесе мемлекеттік органға пысықтау жөніндегі ұсынымдарды жібереді.

      13. Салалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, СБШ жобасын пысықтауды Мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және салалық кеңесті бекітуге қайта жіберіледі.

      Салалық кеңес СБШ-ның пысықталған жобасын келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      14. Мемлекеттік орган салалық кеңес бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде СБШ-ны қазақ және орыс тілдерінде ұлттық органға СБШ цифрлық платформасында орналастыру үшін жібереді.

3-тарау. СБШ жаңарту тәртібі

      15. СБШ-ны жаңарту үшін:

      1) кәсіптік қызмет сипаттамаларының және ҰБШ-дағы білім деңгейінің;

      2) ҰКС сәйкес орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағдылардың деңгейі мен мамандануы бойынша кәсіптер сыныптауышының;

      3) орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және саласында (аясында) пайдаланылатын білімдердің, машықтардың мен құзыреттердің сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптардың;

      4) ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті танудағы еңбек нарығының қажеттілігінің өзгеруі негіз болып табылады.

      16. СБШ жаңарту осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес СБШ әзірлеуге ұқсас жүзеге асырылады.

  Салалық біліктілік
шеңберлерін әзірлеу және
(немесе) жаңарту қағидаларына
қосымша

Салалық біліктілік шеңберінің құрылымы

      1. СБШ атауы, бекітілген күні.

      2. СБШ паспорты: саласының (аясының) сипаттамасын, экономикалық қызмет түрін, СБШ әзірленген кәсіптік топтар мен кіші топтарды қамтиды.

      3. Жалпы ережелер: СБШ-ның негізгі көзқарасын, мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.

      4. Саланың (аяның) ағымдағы жай-күйі: кәсіптік қызмет түрінің/кіші түрінің және кәсіптік қызмет түрінің/кіші түрінің басқа кәсіптік қызмет түрлерімен/кіші түрлерімен бес бөлім бойынша (басқару процестері, өндірістік процесті дайындау, негізгі өндірістік процестер, өндірістен кейінгі процестер (өткізу), қосалқы процестер (қамтамасыз ету) бойынша өзара байланысының сипаттамасын қамтиды. Салаға (аяға) кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері, қызметтердің және/немесе өнімнің негізгі түрлері мен көлемі, негізгі қызмет және т. б.

      5. Саланы (аяны) талдау: халықаралық, ұлттық және салалық статистиканың нәтижелерін қамтиды. Жаңа технологиялардың, халықаралық үрдістердің сипаттамасы, нормативтік база: ғылыми зерттеулер мен үздік салалық практикалардың материалдары, стратегиялар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, уәкілетті органдар мен кәсіби қоғамдастықтардың есептері мен материалдары. Кәсіптік-біліктілік бөлінісінде сала (аяның) құрылымын талдау, жаңа кәсіптер мен біліктіліктер: атаулар, жаңа талаптар, кәсіптік қызметтің нәтижелері, өзгеру перспективалары. Жұмыс күшінің күтілетін сұранысы мен ұсынысы. Таңдалған дескрипторлардың сипаттамасы.

      6. ЭҚЖЖ бойынша кәсіптік қызметтің әрбір түрінің кәсіпорындарында ҰКС бойынша қызметтер мен кәсіптердің негізгі топтарының сипаттамасы және олардың білімі (дипломдар, сертификаттар, куәліктер) және жұмыс тәжірибесі бойынша тиісті біліктіліктер.

      7. Саланың (аяның) кәсіптік стандарттарының тізбесі: қолданыстағы және әзірлеуге жоспарланған.

      8. Қорытындылар мен ұсыныстар: ҰКС, білім беру сыныптауыштарын және т.б. жаңарту бойынша ұсыныстарды қамтиды.

      9. СБШ біліктілік деңгейлерінің кестелік форматтағы сипаттамасы (1-кесте).

      1-кесте. СБШ біліктілік деңгейлерінің сипаттамасы ____________________

      ________________________________________________________________

СБШ деңгейі

ҰКС-тегі кәсіп

ҰБШ деңгейі

Кезеңдер

Ұжымдық еңбек бөлінісіндегі рөлі (оның ішінде жауапкершілік саласы)

Білім

Машықтар
(Дағдылар)

Жеке құзыреттер

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бөлім. Сабақтас және өтпелі басқару процестері









2-бөлім. Салалық процестер (салалық шекараларды анықтайды)









3-бөлім. Дайындық салааралық процестер









4-бөлім. Өндірістен кейінгі салааралық процестер (өткізу)

      10. Кәсіптік топтардағы кәсіптерді көрсете отырып, кәсіптік біліктіліктің функционалдық картасы (2-кесте), жұмыскерлердің ықтимал кәсіптік дамуын көрсету үшін кәсіптер/қызметтер арасындағы байланысты көрсету ұсынылады. Кәсіби даму көлденең – СБШ-ның бір біліктілік деңгейі шегінде де, сол сияқты сатылы – әртүрлі біліктілік деңгейлері бойынша да жүруі мүмкін.

      2-кесте. Кәсіптік топтардағы кәсіптерді көрсете отырып, кәсіптік біліктіліктің функционалдық картасы

СБШ деңгейі

ҚР ҰКС бойынша кәсіптік топтар




















      11. 2008 (ISCO-08) Кәсіптер сыныптауышының халықаралық стандартын және ҰКС ескере отырып, СБШ-дағы кәсіптік біліктілік картасы (3-кесте)

      3-кесте. Кәсіптік біліктілік картасы

2008 Кәсіптер сыныптауышының халықаралық стандарты
(бастауыш топтар)

Сәйкестік

01-2017 ҰКС (бастауыш топтар)

Сәйкестік

01-2017 ҰКС (қызметтер топтары)

СХСЖ коды

Ағылшын тіліндегі атауы

Қазақ/орыс тілдеріндегі атауы

ҰКС коды

Қазақ тілдегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

ҰКС коды

Қазақ тілдегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


01-2017 ҰКС
(қызметтердің негізгі топтар)

01-2017 ҰКС
(кәсіптің атауы)

01-2017 ҰКС
(дағдылар деңгейі)

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

ЭҚЖЖ секциясы (салалық бағыттар)

ЭҚЖЖ бөлімі

ЭҚЖЖ тобы (кіші салалар бағыты)

ЭҚЖЖ сыныбы (технология)

ЭҚЖЖ кіші сыныбы (өнім\қызмет)

13

14

15

16

17

18

      12. СБШ ресімдеуге қойылатын талаптар.

      Салалық біліктілік шеңберінің мәтіні Times New Roman қаріпімен, 14 кегльмен, бір жоларалық интервалмен ресімделеді. Бөлімдердің атаулары 14 кегльмен қалың бөлу арқылы орындалады. Кестелердің ішіндегі мәтін 12 кегльмен орындалады. Беттерді белгілеу кітап бағдарында, жиектердің өлшемі: оң жағы – 15 миллиметр (бұдан әрі – мм), сол жағы – 30 мм, жоғары және төменгі жағы – 20 мм. Бет нөмірлері әр парақтың жоғарғы ортасында араб цифрларымен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады