"Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 желтоқсанда № 33736 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31621 санымен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 39) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. 4.0 нысанды ЭАЕҚ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген атқарушылық құжаттар бойынша, соның ішінде заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы атқарушылық құжаттар бойынша және активтерді қайтару жөніндегі алдын ала қамтамасыз ету шаралары бойынша, сонымен қатар Заңның 38-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9, 10), 11), 12), 13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартқан жағдайда енгізіледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. 16-бағанда Заңның 47-бабы 1-тармағының 1-6), 7-1), 8), 8-1), 9), 10) тармақшалары негізінде іс жүргізуі тоқтатылған атқарушылық құжаттар есепке алынады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. 22-бағанда барлық тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда Заңның 42-бабының 6) тармақшасына сәйкес тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулер көрсетіледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. 16-бағанда Заңның 47-бабы 1-тармағының 1- 6), 7-1), 8), 8-1), 9), 10) тармақшалары негізінде іс жүргізуі тоқтатылған атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. 21-бағанда мерзімдік орындауға жолданған атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады.

      22-бағанда барлық тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүрізулердің сомасы көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда Заңның 42-бабының 6) тармақшасына сәйкес тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулер көрсетіледі.";

      Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық көшірмесінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 216 бұйрығына
қосымша
  "Сот актілерін орындау
бойынша
жұмыс туралы" № 4 есептің
нысанын қалыптастыру
жөніндегі нұсқаулықтың
1-қосымшасы
  4.0-нысан

Атқарушылық құжатты есепке алу жөніндегі электронды ақпараттық есепке алу құжаты

Құжаттың орындауға келіп түскені туралы мәліметтер:
1. Атқару парағының нөмірі:
___________________________________________________________________________
Сот актісінің шығарылған күні: 20__ жылғы "__" __________
1.1. Соттағы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің нөмірі
(уәкілетті органның әкімшілік қаулысының нөмірі):
___________________________________________________________________________
2. Атқару парағының берілген күні: 20__ жылғы "__" __________
3. Атқарушылық құжатты шығарған орган: ______________________________________
___________________________________________________________________________
3.1. Азаматтық іс бойынша талапкер: (анықтамалық бойынша)
4. Атқарушылық құжаттың атауы ("Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының
мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң)):
(анықтамалық бойынша)
5. Заңның 38-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) 13) тармақшалары
тәртібінде бас тартылды: (анықтамалық бойынша)
5.1. Бас тартылған күні: 20__ жылғы "__" __________
5.2. Заңның 38-бабы 5-тармағы тәртібінде қайтару жүргізілген органның, адамның атауы:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(Өндіріп алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аумақтық органның атауы)
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
6. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған күні: 20__ жылғы "__" __________
6.1. Аумақтық органның атауы: (анықтамалық бойынша)
6.2. Атқарушылық іс жүргізудің толассыз нөмірі: __________________________________
7. Атқарушылық құжаттың орындауға келіп түскен күні: 20__ жылғы "__" ____________
7.1. Атқарушылық құжат келіп түсті: (анықтамалық бойынша)
7.2. Атқарушылық құжатты жеткізу тәртібі: (анықтамалық бойынша)
8. Талаптардың санаты: (анықтамалық бойынша)
8.1. Талаптар санатына қосымша: (анықтамалық бойынша)
9. Талаптың мәні: ___________________________________________________________
___________________________________________________________________________
10. Өндіріп алу сомасы: (теңге түрінде) _________________________________________
10.1. Ортақ тәртіпте: (анықтамалық бойынша)
10.2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулылардың күші жойылды:
20__ жылғы "__" __________
10.3. Ішінара өндіріп алу сомасы (теңге түрінде)

Борышкер туралы мәліметтер: жеке тұлға, заңды тұлға (анықтамалық бойынша)
Жеке тұлғаға арналған
11. Борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде):
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Туған күні: ____ жылғы "__" __________
11.1. Жеке куәлігінің нөмірі: _______, кім берген: ______, қашан берілген: 20__ жылғы "__"
___________________________________________________________________________
11.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________________
11.3. Жұмыс орны: (анықтамалық бойынша)
11.4. Атқарып отырған лауазымы: (анықтамалық бойынша)
11.5. Шетелдік адам: (анықтамалық бойынша)
11.6. Шетелдіктер үшін ел азаматтығы: _________________________________________
11.7. Мекенжайы: ___________________________________________________________
11.8. Борышкердің жынысы: (анықтамалық бойынша)
Заңды тұлғаға арналған
12. Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы: ____________________________________
12.1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________________
12.2. Есеп айырысу шотының нөмірі: ___________________________________________
13. Борышкердің заңды мекенжайы: ___________________________________________

Өндіріп алушы туралы мәліметтер:
14. Өндіріп алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________________
14.1. Туған күні: ____ жылғы "__" __________
14.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________________
14.3. Шетелдік адам: (анықтамалық бойынша)
14.4. Мекенжайы: __________________________________________________________
Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша балалар жөніндегі мәліметтер:
14.5. Тұлғаның пайдасына өндірілген сома (анықтамалық бойынша) _______________

14.6 Тегі

14.7 Аты

14.8 Әкесінің аты (ол болған кезде)

14.9 Туған күні





14.10 Баланың жынысы: (анықтамалық бойынша)
14.11 Баланың саны ____
15. Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы: ____________________________________
15.1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________________
16. Өндіріп алушының заңды мекенжайы: ______________________________________
16.1 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы атқарушылық құжаттар
бойынша мәліметтер

1. Активтің санаты (анықтама)

2. Орналасқан жері (анықтама)

3. Өлшем бірлігі

4. Саны

5. Сомасы (теңге)































17. Электрондық ақпараттық есепке алу құжатын толтырған адам: (анықтамалық бойынша)
17.1. Сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде):
___________________________________________________________________________
17.2. Электрондық ақпараттық есепке алу құжатын толтырған лауазымды тұлғаның жеке
сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады